«Портье: мальчик на побегушках» фильмінің жалғасы таспаланбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Актер болу оңай емес! Дәл осылай деген Қуат Хамитов киногерлердің жұмысы қиынға соққанын жасырмайды. Бір ай тоқтаусыз түсірілімдер спортшыға әсер етпей қоймаған. Бірақ Хамитов соған қарамастан «Портье: Мальчик на побегушках» картинансының кезекті бөліміне дайындықты бастап кеткен.

Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек спортшысы:

- Жалпы енді осы киномыз бәрі жақсы болып, қазірден бастап өзімді, настраиваю, енді съемка оңай болған жоқ. Ауырлығына шаршамағанына қарамастан осы «Портьенің» екінші частьін, екінші бөлімін түсіруге қазірден бастап дайындалып жатырмыз. Ол Дубайда түсіріледі деген жоспарымыз бар.

Еске салсақ, туындының алғашқы бөлімінің сценарийі Қуатқа арнап жазылған еді. Файтер енді болашақта қомақты қаржы төлесе актер ретінде өзге де фильмдерде бой көрсетуге ниетті.

Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек спортшысы:

– Енді бәрі ұсынысқа байланысты, жақсы ұсыныстар, мынау жастарды тәрбиелейтін, спорттық болсын, адамгершілікке тәрбиелейтін бір жақсы рөлдер болып жатса, міндетті түрде қарсы емеспін ғой, жалпы киноға түсуге, спортқа кедергісі болмаса әрине.

«Портье: Мальчик на побегушках» картинасының жалғасында да басты жұлдыз Дәурен Серғазин болып қала бермек! Туынды продюсері Тимур Бақтыбаев театр және кино актері лентаға түсуге келісімін береді деп еш күтпеген екен.

Тимур Бақтыбаев, продюсер:

– Ойнайды деп келісім береді деп ойлаған жоқпын. Бірақ ол ең келісім берген себебі, оған сценарий қатты ұнаған екен, образы ұнады. Жан Байжанбаев та, дәл солай бұл киноға түскен себебі сценарий өте мықты ұнады деді.

Иә, комедияда кейіпкерлер арасында ҚР Еңбек сіңірген әртісі Жан Байжанбаев та бар. Бір күндік түсірілімге алатын гонорары мың доллардан кем түспейтін актер кез-келген продюсермен жұмыс жасай бермейтінін айтады.

Жан Байжанбаев, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Кез-келген фильмге түсе бермейтінім рас. Себебі, қанша гонорар төлесе де, мен үшін ең маңыздысы ол сценарий және команда. Қазіргі кезде жас киногерлермен жұмыс жасағым келеді.