Еңліктің шығармашылық жоспарлары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Еңлікті 2021-дің «Жыл жаңалығы» десек артық айтпаспыз. Рэп орындаушы дебюттық туындысын сәуір айында ұсынған еді. Аз уақыттың ішінде тыңдарманның сұранысына ие болған тырнақалды «Bipl» композициясы ютубта жарты миллионға жуық қаралым жинаған.

Еске салсақ, Еңлік музыкамен кәсіби түрде айналыспаған. 24 жастағы өнерпаздың негізгі мамандағы ағылшын пәнінің мұғалімі.

Yenlik, рэп орындаушы:

- Өз-өзімді шығыр кезде дайындаймын. Бір тыныш жерде отырып, ойларымды жинақтап, әзірше қатты қиындық көрген жоқпын. Тек позивтивті эмоциялар алып жатырмын. Осы әртістік өмірден.

Еңлікке тек тыңдармандар ғана емес, продюсерлер де қызығушылық танытуда. Ал өнерпаздың өзі әзірге досы Нұржан Аманов есімді битмейкердің қарамағында.

Бүгінде шығармашылығына шыңдап кіріскен Еңлік, су жаңа бейнебаянының түсірліміне кіріспек. Сондай-ақ, рэпер өнердегі әріптестерімен коллаборация ұсынбақ ниетте. Соның бірі Рауана лақап атымен танымал жас поп орындаушымен болмақ.

Yenlik, рэп орындаушы:

- Жоспарда, біз тректі жазып қойдық. Бұйырса клипін түсіреміз. Енді дайындалып жатырмыз. Сол клиппен трек шығады, бұйырса. *02:46 Көп коллабтар бар, сіздер жақсы көретін әртістермен. Сіздер білетін әртістермен. Әзірше аттарын айтпаймын.

Еңліктің дәл осы «Кока» трегі айтюнста топ жарған еді. Рэпер Шизамен бірігіп орындаған фит тыңдарман арасында сұранысқа ие болды. Тіпті, бұл хиттан кейін, фанаттар қос өнерпаздың арасында сезім бар деп болжам жасаған еді.

Yenlik, рэп орындаушы:

- Қосқанда жоқ, біз, Шиза маған ағам сияқты. Өте қарапайым, ашық адам, сол басқа ештеңе.