«Ninety One» тобы АҚШ-қа аттанып, шығармашылығын шетелде шыңдамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Еске салсақ, Ерболат Беделхан «91»-лік жігіттерді шетелдік нарыққа шығаруды әуел бастан жоспарлаған еді. Бүгінде АҚШ елінің продюсерімен 3 жылға келісім-шартқа отырған ол: «Серіктесті ұзақ іздедім», - дейді.

Ерболат Беделхан, продюсер:

– Үш жыл деген ол қалай, бұл мысалы деп айтып отырмын. Себебі, мен өзім де «Ninety One»-мен бір жарым жыл ғана контрактіге отырғанмын. Енді үш жыл деген мәселе, өздерінің мысал ретінде келтіріп жатқаны. Ал, контракт бойынша бұл жерде былай кез-келген уақытта мысалы, шығып кетуге болады.

«Ninety One» тобы енді «4KZ» жаһандық консалтингтік компаниясының президенті және бас директоры Дэвид Валера Рэйноссомен бірге жұмыс істемек. Аталмыш компания әртістерді шетелде таныту мақсатында қызмет етеді.

David Valera Reynoso, продюсер:

– Аманда екеуміз жігіттерге үлкен үміт артып отырмыз. Бүгінгі таңда әлем бойынша азияттық өнерпаздарға сұраныс көп. Мәселен, «BTS» тобы тренде. Сондықтан біз «91»-ліктерді де сондай деңгейге көтерсек дейміз.

Ал 91-ліктертердің би қойылымдарына бұдан-былай әлемдік деңгейдегі хореграф Аманда Фернандес жауап береді. Еске салсақ, маман Бейонсе, Рианна, Джей Ло, Камила Кабельо сынды топ әншілермен жұмыс істеген.

Amandy Fernandez, хореограф:

– Қазақстанға келер алдын, мен жігіттердің өнерімен таныстым. Олардың биге икемін көрдім. Өте жоғары деңгейде деп айтар едім. Мен ең бастысы өнерпаздардан құлшынысты байқадым. Бұл – сапалы жұмыстың көрсеткіші дер едім.

Ал шетелдік компанияның талаптары бойынша, «91» тобы АҚШ-та шығармашылығын шыңдауы қажет. Ол үшін жігіттер ағылшын тілінде альбом жазуға міндетті. Енді өнерпаздар қазақша әндерін шет тілге аудармақ.

Ерболат Беделхан, продюсер:

Келесі жылдан бастап, келесі жылы сол Америкаға жол жүреді. Негізі осы жылдың осы, желтоқсан айында ұшу керек болатын. Бірақ тағы да бір пандемияға қалып қойды. Бірақ келесі жылы наурызға қаратай ұшып кетеді.

Сондай-ақ, ұзақ уақыттан бері үзіліс алған «Ninety One»-ның жуырда су жаңа жинағын жарық көрмек! Одан бөлек, жігіттер «DARN» атты трегіне су жаңа бейнебаян ұсынбақ.

Ерболат Беделхан, продюсер:

– Өте ауыр өтті, көп дайындалдық. Көптеген оқиғалар болды. Бірақ қазір енді күліп қараймыз. Бәріміз қатты шаршап қалдық сол түні. Бірақ жұмысы, жұмыс жүргізілді. Қаншалықты сцена түсірілмей қалды, бірақ ол қай жер айтпаймыз, ертен көре жатарсыздар. Ойларыңыздан шығады деп үміттенемін.

Аталмыш клиптің тұсауы қараша айының соңында кесілмек! Оған бөлек, «91» мен «Орда» бірігіп, жаңа жыл қарсаңында ән кешін өткізуді жоспарлап отыр.