Әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген әншілерге қатысты, қазақстандық әртістердің ойы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әміренің бірде бір нөмірін жібермеймін! Бұл Нұрлан Абдуллиннің Ернар Садырбаев туралы айтқаны. «Ағалық қамқорлығымды білдіріп, ақылымды аямаймын»,-дейді ол.

Нұрлан Абдуллин, әнші:

– Біздің жігіттер мен қыздар сондай үлкен сахнаға шығып жатса қуанамыз. Міндетті түрде қараймын. Қалай орындағаны деген сияқты. Мәселен Әміренің Стиви Уандерді орындаған кезі, өте риза болдым.

Ал Айжан Нұрмағамбетова «Голос» сынды шетелдік жобаларды сатып алып, өзімізде көрсету керек екенін айтады. Айжан ханым да, байқауды бақылап, жанкүйер болып отыратын көрінеді. «Әділхан Макинның жарыстан шығып кеткені, әділетсіз болды»,-дейді ол.

Айжан Нұрмағамбетова, әнші:

– Өкінішке орай неге көрсетпейтінін білмеймін. Ютубтан ғана көруге болады. Әрине мен қуанамын. Енді қалғандары Алишер мен Әміре.

Алишер мен Әміренің ізін жалғап, жаһандық жарыста бой көрсеткісі келетіндердің бірі – Айри. Әншінің таңдауы күрделі конкурстардың біріне түсіп отырғанға ұқсайды. «Бірақ әзірге ашып ештеңе айта алмаймын. Сол кезде көресіздер», - дейді ол.

Ayree, әнші:

– Байқауларға қатысқанда өзінің жеке шығармашылығың тоқтап қалады. Сондықтан бөлу керек уақытты, жеке шығармашылыққа және конкурсқа. Енді карантин болып қалды, негізі біздің ойымызда болған. Бірақ Украинаға емес және де осы «Голосқа» емес басқа бір керемет шетелде жүріп жүрген байқауларға.