«Голос» жобасында бақ сынап жатқан, Әміре мен Әлішер Кәрімовке қазақстандық әріптестері қаншалықты жанкүйер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шетелдік сайыста бақ сынаған, үш бірдей әріптестерінің өнерін қалт жібермей, бақылап, жанкүйер болып отырған Жеңісхан: «Жетістік жол таңдамайды. Әншілікті алып жүру ауыр. Мен оларға ризамын», - деп ағынан ақтарылды.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

– Үшеуі де өзіміздің бауырларымыз ғой. Мен әнші боп бастағаннан кейін, мен бәрін жақсы танимын. Әміре бауырымыз ғой. Әлішер енді бұрыннан келе жатқан орнықты әнші. Сондықтан қазір Қазақстанда қозғалыс болмай жатыр ғой. Әншілерді вообще өшіріп тастады бізде. Клип түсірілмей жатыр, блогерлар бірінші орында тұр.

Ал Тамирис Жанғазинова болса, бұл сайыстан бейхабар болып шықты. Десе де, актриса ағаларына өнер жолында сәттілік тілеп, енді бәрін бақылап отыруға, тіпті керек кезде дауыс беруге дайын екенін жеткізді.

Тамирис Жанғазинова, актриса:

– Өкінішке орай, қатты қараған жоқпын соңғы кездері. Себебі қазір өзімнің жұмыстарым көп. Өзімнің әнімді жазып жатырмын. Орыс тілінде шығады ән. Сондықтан көп уақыт болмайды соцсеть қарауға немесе басқа да нәрселерге көңіл бөлуге.

Талай хиттің орындаушысы – Мирас Жүгінісов болса, бұндай байқаулардың үлкен мүмкіндік екенін алға тартады. «Біздің елде қанша жерден танымал болса да, әлемдік сайыстар жаңа деңгей. Ештеңеден қорықпау керек»,-дейді ол.

Мирас Жүгінісов, әнші:

– Ол жақта авторитетімен рисковать ету деп ойламаймын. Енді кішкене болсын қазір Қазақстан жақсы дамып келе жатыр ғой. Бірақ Россия музыка жағынан бізден озып бара жатыр. Сондықтан да ол жаққа барып, өзіңді сынап көру деген ол өте жақсы деп ойлаймын.