НТК арнасында жаңа жоба – «Cybersport»! Бағдарлама немен ерекшеленеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңа жоба - киберспорттың 400 мыңға тарта түрі туралы айтады. Тыңнан түрен салып, ерекше бағыттағы бағдарлама әзірлеу заман талабы екен. Еске салсақ, спорттың бұл түрін Олимпиада ойындары құрамына кіргізу туралы талай рет бастама көтеріліп келген еді.

Машур Баспақов, жоба продюсері:

– Елімізде киберспорт белсенді қарқын алып келе жатқан спорттың бір түрі. Осы Қазақстанда болжам бойынша, 1,5 миллионға жуық белсенді ойнайтын адамдар бар. Сол аудиторияға арнап, НТК арнасында «Киберспорт» атты проект құрған болатынбыз.

Ал әлем бойынша осы спорт түріне 21 миллион адам тіркелген. Бұл тек қана ойын емес. Адамдар түрлі жарыстарға қатысу арқылы, қомақты қаражат ұтып ала алады. Мәселен, халықаралық сайыстарға 35 мың мен 3 миллион долларға дейін бәс тігіледі.

Ержан Мұқатаев, жоба жүргізушісі:

– Жалпы қазір жаңа ұғым келе жатыр да, фючининг деген. Ол болашақтағы дамып жатқан технологиялар туралы және де оның ішінде киберспорт ойындары бар. Мобильдік ойындар, болмаса ПК-дағы ойнайтын ойындар бар.

Жоба жүргізушісі - Ержан Мұқатаевтың өзі киберспорттың біріше түрімен әуесқой деңгейде айналысады екен. «Мендегі мақсат, тек шаршағанды басу ғана», -дейді өзі.

Ержан Мұқатаев, жоба жүргізушісі:

– Киберспортты олимпиадаға қосқан соң, бұл сала өте қатты дамып жатыр. Кастингтен мені бас продюсер шақырып, Көрейік деді.

Ал су жаңа жоба сейсенбі, бейсенбі күндері НТК ТВ ютуб каналында, сағат 19:00-де көрерменге жол тартады.