Санта-моникада «People's Choice Awards» марапаты табысталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айтулы шара әдеттегідей қызыл кілем қызықтарынан басталды! Еске салсақ, осымен 47-ші мәрте ұйымдастырылып отырған People's Choice Awards кино, ТВ, музыка мен поп-мәдениеттің үздіктерін анықтауға бағытталған. Марапаттың ерекшелігі – ондағы жеңімпаздарды халық дауыс беру арқылы анықтайды.

Дәл солай көптің көзайымына айналғанның бірі – Дуэйн Джонсон! Өнер иесі үш бірдей «Үздік комедиялық актер», «Үздік киноактер» және «Халық чемпионы» марапаттарын еншіледі.

Дуэйн Джонсон, актер:

– Шыны керек мен жолы болғыш жанмын! Көп-көп рақмет! Мааған дауыс бергендерің үшін рақмет. Дәл қазір мен үйде кішкентай қыздарым Жасмин мен Тиана қарап отыр. Мен өте бақыттымын!

Ал Скарлет Йоханссон «Үздік драмалық актриса» атанса, ол төбе көрсеткен «Қара жесір» «Жыл фильмі» марапатын еншіледі.

Скарлет Йоханссон, актриса:

– Шынымды айтсам қатты толқып тұрмын! Себебі, бұл анау-мынау емес, халық таңдауы. Марвелдың кейіпкерін сомдау мен үшін маңызды. Кейіпкерім де ерекше болды.

Бұл кеште Ким Кардашьян сахнадан екі рет табылды! Бірінде ет жақындарын ертіп «Кардашьян әулеті» шоуы үшін арнайы марапатты еншілесе, екіншісінде «Фэшн икона» ретінде танылды. Айтулы сәтте сәнбике Канье Уэстке алғыс айтуды ұмытпады.

Ким Кардашьян, модель:

– Мен сән әлеміне жетелеген Каньеге рақмет! Соның арқасында, өзімді жаңа қырымнан аштым. Мен фэшн саланы ерекше сүйемін. Бұл менің өмірім десе де болады.

Ал «Музыкадағы икона» марапаты Кристина Агилераға бұйырған болатын. Өнер иесі тыңдарманға алғыс айтып болған соң, ерек перфомансын келген қонақтарға ұсынды!