Отандық кинотеатрларда кассалық табысымен топ жарған қай фильм?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, отандық кинотеатрларда көрсетіліп жатқан фильмдер арасынан өз үзігі анықталды. Бокс-офситің көшінде «Марвел» ұсынған «Өрмекші адам: Үйге қайтар жол жоқ» фантастикасы тұр. Айналымдағы алғашқы аптада миллиондаған қаржы жинаған лентаның көрсеткіші қандай?

Жарты миллиард кассалық табыс! Үлкен экрандарға қайта оралған «Өрмекші адам: Үйге қайтар жол жоқ» лентасы бір уик-эндте отандық прокатта рекорд орнатты. 487 млн-нан аса кіріс көрген фантастикалық туынды 200 млн АҚШ долларына таспаланған-ды. Бүгінде ТМД елдерінде де үздік атанған картинаның сюжеті басында, халық Питер Паркердің шынайы бейнесін көріп қояды.

Араға 18 жыл салып жаңа бөлімін ұсынған «Матрица» фильмі екінші сатыда. Бұл бір аптада 91 миллионға кенелген лентаның төртінші бөлімі. Әйгілі қара шапандағы тыңшының рөлінде әдеттегідей Киану Ривз. 57 жасында агенттің образын қайта сомдаған актер жаңа хикаямен оралған.

Отандық көрермендер арасында фантастикадан бөлек, анимациялық туындылар да сұраныста. Мәселен, кассалық жиынның топ үштігінде «Энканто» мультфильмі тұр. Айналымдағы төртінші аптада 34 млн пайда көрген лентаны «Disney» студиясы ұсынған-ды. Ол, отбасылық құндылықтарды дәріптейді.