Айжан Байзақова подиумға шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Айжан Байзақова модель атанды! Бүгінгі мына фэшн шарада атышулы блогер подиумның жұлдызы атанбақ. Себебі бүгін отандық брендтер өзінің жазғы жаңа коллекциясын таныстыратын болады. Ал, Айжан қандай сәнбике? Біраздан кейін көретін боламыз.

Әсерлі музыка, жұлдызды қонақтар және дәмді ас! Фэшн индустриясының мамандары нәзік жандылдарға арналған «Жаз 2022» топтамасын таныстыру үшін ауқымды кеш өткізді. Осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отырған сән шарасына отандық танымал брендтер қатысқаны-ды.

Ал көрсетілімнің шымылдығын ашу Айжан Байзақоваға сеніп тапсырылған. Алғаш рет подимуға шыққан блогер, той көйлегін таныстырды. Еске салсақ, Айжан амбассадоры атанған бренд дизайнер Сәбина Шакурованың жаңа коллекциясы. Сәбинаны көпшілік блогер әрі модель Мадленнің туған әпкесі ретінде де таниды.

- Жаңа топтамаңыз жайлы айта кетсеңіз?

Сәбина Шакурова, дизнайнер:

- Мы сегодня приставляем свадебную коллекцию от моего второго бренда, «Malinelli» свадебного салона, эксклюзивное коллекция 2022 года, коллекция лето.

- Брендтеріңіздің ерекшелігін айта кетсеңіз?

- Мы всегда ценим комфорт, качество, сотвествие цены, стараемся угодит нашим невестам.

- Көйлектер қаншалықты қолжетімді?

- Мы начинаем наши цены от 150 тысяч теңге... и предела дальше нет...

- Дизайнерлікпен айналысып жүргеніңізге қанша уақыт болды?

- Дизайнерством началось 2015 года, мы 7 лет на рынке. Очень успешно пережили пандемию, карантин, как бы бренд уже 7 лет работает.

 

Айжан Байзақовадан бөлек, модельдер арасында «Еуропаның вице миссы» Лаура Махаш та көзге түсті. Актриса кеште 2 түрлі образда бой көрсетті.

  • Бүгін подиумның жұлдызы атандыңыз өзіңізге ұнады ма?

Лаура Махаш, актриса, «Miss Queen Europe»

- Иә, маған бүгін керемет қатты ұнады бәрі. Негізі, я не модель, а мисс. Но мне очень понравилось.

- Подиумда жүру, модель болу қиын емес пе?

- Жоқ туылған кезде өзімнің бір арманым еді, кішкентай кезімнен сондай передачалр көретінмін, сол армандайтынмын, «подиумда жүрсем екен» деп.

- Өзіңіз отандық брендтерді қаншалықты қолдайсыз?

- Мен внутри енді қатты патриоткамын, каждый конкурска барған сайын, мен мысалы шапан киіп барамын, шапан аламын. 8 международный конкурска барып, 8 рет қазақша өзіміздің национальный костюмді киіп шыққанмын. Өте қолдаймын.

- Брендқұмарсыз ба?

- Өте...

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Бүгінгі фэшн шарада, отандық брендтердің бірі - «Sense X» өзінің жаңа топтамасын ұсынатын болады. Еске салсақ, бренд 2017-ші жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ал дизайнері - Әйгерім Сәлібекова.

- Қайырлы күн, сізді көргенімізге қуаныштымыз, енді менің үстімнен өз брендіңізді байқап тұрған шығарсыз, сіздің брендіңіз, жарасады ма?

Әйгерім Сәлібекова, дизайнер:

- Жарасады, өте әдемі.

- Рақмет, бүгінгі коллекция туралы айта кетсеңіз, жаңа коллекция қандай болады?

- Бүгінгі коллекция бізде, қыздардың қыз ұзату, құда түсу, сырға салу, мерекесіне арналған.

- Қаншалықты қолжетімді қарапайым қыздарға?

- Бізде негізі бүкіл баға қолжетімді, әсіресе, осы коллекция бізде ең доступный болады және де доступныйға қарағанда тағы да жақсы материалдар, жібектен жасадық, органзадан жасадық, матаның бәрі натуральный таза және де әдемі болып, бағасы да өзінің модельіне сай болады.

- Ерекшелігі қандай?

- Ерешелігі, аты - «Sense X», «Sense» ағылшыннан аударған кезде, чувственность, «X» ол загадочность. Сонда менің коллекциям қыздардың чувственный, загадочный, романтичный сезімдерін өзін бүйтіп жандырауға арналған.

Әйелдерге арналған жаңа топтаманың көрсетілімінде, ерлер қауымын да байқап қалдық. Мәселен, актер әрі каскадер Олжас Тоғымбет арнайы қонақ ретінде шақырту алған.

- Сән саласында көргенімізге таңқалып тұрмын, қонақ ретінде келдіңіз бе?

Олжас Тоғымбет, актер, каскадер:

- Қонақ ретінде келдім, иә.

- Образдар қалай, ұнады ма сізге?

- Иә, қазіргі таңда, жылдан жылға, өзіңіз көріп отырсыз, көптеген дизайнерлер, жас дизайнелер көп шығып жатыр. Сол себепті, олардың үлес қосқанына модаға деген соған қуаныштымын.

- Өзіңіз сән саласында қаншылықты хабарыңыз бар?

- Мен өнерге келердің алдында, өзім модель болдым ғой. Сол себепті бұл саланы өте жақсы танимын.

- Қазір неге жалғастырмайсыз?

- Қазіргі таңда подиумға шығып жүрген жоқпын, бірақ фотосессия, реклама, клиптарға шығып жүрмін.

- Отандық брендтерді өзіңіз қаншалықты жиі қолдайсыз?

- Енді әр жұмысты әр еңбекті бағалау тиіс деп ойлаймын, себебі неге, өзіміздің отандық өнім болғаннан кейін, басқа брендке, басқа шетелдің брендіне қарағанда өзіміздікі әлдеқайда шынымды айтайын сапалы.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Осымен фэшн шара өз мәресіне жетті, отандық брендтердің жазғы жаңа коллекциясы ұнады ма? Ұнаса, бағасын беріп өз пікірлеріңізді қалдырсаңыздар болады