Қазақ телевизиясындағы - тұңғыш детектив! НТК арнасында тағы бір тың жоба!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алдау, бопсалау, жазықсыз адамдардың өміріне қастандық жасау! «Түнде атылған оқ» криминалды драмасында қылмыскерлер діттеген мақсатына жету үшін жасайтын құйтұрқы әрекеттердің барлығы дерлік көрсетілген. Ал оларды іздеу мен жазалау - капитан Талғат Майлыбаевтың қолында.

Ермек Шынболатов, актер

Шыны керек басында елестеткеннен кейіпкер мүлдем басқаша түрленіп жатыр, оған режисерлардың септігі де бар. Кейіпкердің өзі өте күрделі деп санаймын мен өзім себебі, бұл тек не антогонист не добрый персонаж деп бүйтіп бөлуге де келмейді.

 

50-60 жылдардағы дәуірді суреттейтін шытырман оқиғалы туынды, тарихи деректер мен оқиғаларды еш боямасыз көрсеткен. Түсірілім тобы тіпті сол заманның вайбын көрсету үшін тынбай еңбек еткен-ді.

Шұғыла Сержан, режиссер

Қиын болып жатыр, өйткені мысалы әр жерге барған сайын біз оны қарастырамыз, сол жылға келе ме, келмей ме, экстерьер болсын, интерьер болсын.

 

Криминалды драмаға - Кемел Тоқаевтың зерттеулері мен повестері арқау болған. Еске салсақ, жазушы Қазақстандағы детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі.

Шұғыла Сержан, режиссер

- 60-70 жылдардағы болған детектив. Ол осы уақытқа дейін мысалы Қазақстанда детектив сол жылдардағы көбінде фильмдер болмаған енді ғана шығып жатыр.

 

16 бөлімнен құралған сериал бірнеше детективтік оқиғаларды қамтиды. Онда басты антогонист - Черноносов есімді ағылшын тыңшысы. Мақсаты – Қазақстанға келіп бір снарядпен бірнеше ұшақты атып түсіруге қабілетті қару өндірісі туралы мәліметтерді жинау.

Сергей Бенедь, актер

- Мұндай кейіпкерді сомдау әрбір актердің арманы деп ойлаймын. Себебі шеберлікті талап ететін ерекше образ. Әр сахнада түрлі амплуада өзіңді көрсету керексің, тұнып тұрған психология. Оның жасайтын қадамын алдын-ала болжау мүмкін емес.

Екі бірдей режиссер таспалап жатқан туындыда фокус кейіпкерлерге қойылған. Олардың линиясы көрерменді әр бөлім сайын таңғалдырмақ.

Кенжебек Башалов, актер

- Халық мені көбісі мені танитындар жеңіл жаңағы комедияға жақын деп ойлайды. Комедияның актеры деп. Бұл кісілер мені басқа қырымнан көрсетіп жатқанына мен қатты қуандым.

Әлімбек Оразбеков, актер

- Бұл жерде махаббат та бар, бұл жерде адамгершілік те бар, бұл жерде жауыздық та бар, бұл тек қана детектив деп қарауға болмайды бұл жан-жақты көп тақырыпты қозғайтын фильм деп ойлаймын деп өзім.

 

«Түнде атылған оқ» телехикаясын НТК арнасының эфирінен 8-ші сәуірден бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 16:00-де тамашалай аласыз!