Еркебұлан Тоқтар наркокартельді құрықтаймын деп мафияның апанына түскен!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Еркебұлан Тоқтар Ауғанстандағы бір топ баскесерлердің соңына түсті. Миссиясы – ірі наркокартельді құрықтау. Бұл істе оған кедергі келтіретін кім? Тоқтар-тегі артылған міндетті тиісті түрде орындай ала ма?

Бұл «Біздің жігіттер. Афган» фильмінің сюжеттік желісі.

– Фильмнің бір сахнасында сені лақтырған кезде жарақат алып қалған екенсің. Тіпті астыңа жұмсақ болсын деп мартац та төсемеген екен.

Еркебұлан Тоқтар, актер:

– Жарақат екі моментте болды. Біреуі мына мұрным шрам, мына жер шрам. Табаны стекло боп тепті каскадер. Сол кезде бетіме тиіп кетті. И артқа қарай қадаған кезде, баспен түскем.

– Ол түсірілімге кері әсерін тигізген жоқ па?

– Жоқ. Ол уже подконец болды. Мен одан кейін неге кетіп қалған жоқпын ба...

  • Лос-Анджелс?
  • Иә, иә.
  • Холиуд?
  • Оны айтпайын десем, айтқызып жатырсыңдар ғой.

– Ең қызығы сені лақтыратын сахнаны сені қонақ үйде жатқан жеріңнен шақыртып алып түсірген екен иә? Пересъем болған былайша айтқанда.

Еркебұлан Тоқтар, актер:

– Иә. Қайдан білесіңдер бәрін?

– Бұл фильмде көлікті түгелдей өзіңіз тізгіндеген екенсіз. Жалпы рөлге неше жасыңызда отырдыңыз?

Алмат Сақатов, актер:

– Сегізінші класста ең бірінші рет әкемнің жигулиін ұрлап кеткем. Содан бастап рөлде жүрміз ғой.

Сегізінші сыныбынан бері көлік тізгіндеп жүрген Алмат ағамызға, «Афганның» автосын айдау сеніп тапсырылған.

– Ұйытқыған шаңның арасында жол көрінбепті. Сіз көлік айдаған кезде және автоның артына Ұлан ағамыз бен Бейнұр ағамызды мінгестіріп алған екенсіз.

Алмат Сақатов, актер:

– Негізі оны каскадерлар істеуі керек. Қиын болды. Өйткені қатты шаң болды да. Алдағы түсіріп келе жатқан бір машина, оны страховать етіп келе жатқан екінші машина, менің алдымда қашып бара жатқан террористтің үшінші машина, төртінші біздікі. Аппақ шаң да. Бір екі жерінде соғылып қала жаздап, рөлде отырған адамға қорқынышты. Өйткені артында екі адам бар ғой.

– Бұл фильмнің авторы әрі сценарисі – Бұхар. Қала берді, киноға өзің де түскен екенсің. Кімді ойнадың?

Бұхар Марат, автор, сценарист:

– Мен құпия бір агенттіктің спецалисті болып ойнадым. Ойнадым дегенде, ауыз толтырып айтатындай емес. Эпизодтық рөл болғандықтан қорықпай алып шығуға бел будық. Бірақ үлкен рөлдерге әлі де дайындық керек екенін түсіндім.

– Каскадерлық трюктердің басым бөлігін өздеріңіз орындаған екенсіздер.

Ұлан Үсіпәлі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:

– Жүгіретін сахналарда біраз қиналып қалғанымыз бар енді шынын айту керек. Аяғымыз тырысып қалған кезде барып, укол салдырған кезіміз болды. Қасымызда қылшылдап тұрған Еркебұлан сияқты жас емеспіз. Бірақ дегенмен де үдеден шыға білдік деп ойлаймыз.

– Бұл білуімше сіздің толықметрдегі ең бірінші басты рөліңіз иә?

Бейнұр Баймұханбетов, актер:

– Толықметрдегі басты рөлім иә. Қалғандарында эпизодтарда рөлдер болды. Маған ұсыныс көп түсіп жатқан жоқ болатын. Сериалдарда болды.

– Ауғанстанда 15 күндей болып қайттыңыз. Жалпы қандай қызықтар, қиындықтар болды?

Бейнұр Баймұханбетов, актер:

– Маған мына фильмде қиындық тудырғаны физический дайын емес екем.

Өйткені тауға мінесің, түссең қайтадан дубль дейді. Түсесің, шығасың. Одан кейін төбелестері болады. Аяқ кетті мысалы. Тас-тауда жүгірген кезде сыртқа қарай кетіп қалды да, ол ойнама ұстап қалды. Қазір киноны көрген кезде көресің. Ақсаңдап жүріп ойнап жүрмін.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Барлаушылар арасындағы бітпейтін бәсеке. Ірі мафиоза Қазақстанға толассыз есірткі тасымалдап жатыр. Бақылау тобы, бұл бассыздықты қалай тоқтатады?