Жанат, үміткер:
- 5 келі фарштан қазіргі таңда 150 адамға жұмыс ашып отырған бизнесім бар. Мотивация ретінде айтқым келеді.
Анна, үміткер:
- 30 жыл бірге тұрған жұбайым жай ғана хабарлама жіберіп, ажырасқысы келетінін айтты. Ал мен жоғары білімім бола тұра ешқашан жұмыс істемей, өмірімді отбасыма арнаған адаммын.
Гүлжамал, үміткер:
- Салмағым 100 келі болған. 67-ге түстім. Әр адам өзін жақсы көрсе қалай қылсаң да өзіңді сымбатты ете аласың.
Ақерке, үміткер:
- Мен ерекше баланың анасымын. Перзенті қиын жағдайға тап болған аналарға бағыт-бағдар беру мақсатым.
Түрлі тағдыр иелері. Бірі сын сағатта сынбаған қайсарлығымен баураса, екіншісі отбасы құндылығын сақтай білгенімен ерекшеленеді. Өткен
«weekend» продюсер Баян Алагөзова жаны да, жүрегі де, тәні де сұлу келіншектерге кастинг жариялап, жақында жарыққа шығатын «Алтын ханым» байқауының іріктеу кезеңін өткізді.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Бұл байқау да менің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жасалып жатқан жобаларымның бірі. Кастингке келгендердің 90%-ы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеңіп шыққандар. Келгендердің көбіне кезінде тек жұмыс күші, құл ретінде қараған. Бірақ олар мұны қабылдамай, өзін таңдаған арулар. Қаншама үміткер келгенін көріп тұрсыз. Осынша адамнан 20-сын іріктеп алу қиын болары сөзсіз.
Баян Мақсатқызы 1 аптаға созылған алғашқы кезеңнің нәтижелерімен өз парақшасында бөлісті. 3000 адам қатысқан кастингтен 27 нәзік жанды іріктеліп алынған.
Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
- Көріп тұрғандарыңыздай, ине шаншырлық жер жоқ. Біз жаңа ғана маннан сұрадық, тікелген үміткерлер саны 400-ден асады екен. Ендеше алтын тәжді таққысы келетін сұлу ханымдармен тілдесейік. Ендеше кеттік.
Бақытгүл Манасова, үміткер:
- Менің жасым 39-да. Мен күміс алқалы анамын, көпбалалы, 6 баланың. Мен кастингке келдім. Себебі әр қазақ әйелі ата образын, іскерлік образы, жар образын танытуы керек.
Мадина Чабарова, үміткер:
- Мен бүгінгі жетістікке жету үшін күніне тек 2 сағатымды ұйқыға арнаған адаммын. Күндіз есепші болып қызмет еттім, кешке торт пісірдім. Есесіне бүгінде 600 адамды жұмыспен қамтып отырмын.
- Бүгінгі кастингтен кейін үздік деп танылған үміткерлерді қандай сынақ күтіп тұр. Ары қарай қалай таңдалады жеңімпаз?
Баян Алагөзова, продюсер:
- Біз бұл жобаға енді аяқ бастық. Сондықтан бірдеңе деу қиын. Алғаш рет жасалып жатқан жоба болғандықтан «Алтын ханым» атану үшін көптеген жаңа сынақтар мен байқаулардан өтуі тиіс. Бұл әйелдердің статусын көтеру үшін жасалған қадам. Жақында қиындықты еңсерген өнерлі, мықты, білімді қатысушылармен танысасыздар.
Бұл тек көрік пен келбет сынға түсетін байқау емес. Себебі сыр-сымбаты ғана емес, әр қатысушының еңсерген қиындығы мен жеткен жетістігі бағаланбақ. Олар өз тоқиғасын айтып, айналасына шабыт сыйлай алуы тиіс.
Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
- Олар жоқтан бар жасаған кәсіпкерлер. Ұл-қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы аналар. Тағдырға төтеп берген қайсар арулар. Алтын тәж кімге бұйыратыны бізге беймәлім. Бірақ әрқайсысы лайық екені сөзсіз. Ендеше баршаңызға сәттілік!