Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
- Еркіндік пен қозғалыс! Бұл «Eurasion Fashion Week-тің» 9-маусымының басты месседжі. 2025 жылғы көрсетілім несімен ерекшеленбек? Бірге білейік.
Сән шекараларды білмейді. Ал «Eurasion Fashion Week»-тің биылғы маусымы – соның дәлелі болмақ.
- «Еurasian Fashion Week»-тің әр маусымы бір-біріне ұқсамайды. 9-шы маусымның ерекшелігі неде?
Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:
-«Eurasian Fashion Week»-тің 9-маусымының тақырыбы – «Fluidum». «Fluidum» – бұл тірі ағым секілді, үздіксіз қозғалыс. Бұл – шектеулерден тыс сән. Сән үздіксіз қозғалыста. Сән өзгереді. Біздің маусымда әртүрлі дәуірдің үні естіледі.
«Fluidum» латын тілінен аударғанда «ағым» деген мағынаны білдіреді. Яғни үнемі трансформацияға түсетін үдеріс екенін меңзейді. Бұл маусымда ережелер бұзылып, шекаралар өшіріледі дейді идея авторы.
Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:
- Сіз бұл маусымда бірнеше дәуірдің сәнін көресіз. Барокко, ренессанс, дүркіреткен 20-шы жылдар, 50-ші мен 80-ші, және әрине – сәннің ешқандай шеңберге сыймай кеткен кезеңі - екі мыңыншы жылдар. Жалпы концепция – бұрын сән белгілі бір шектеуде болды. Ал биылғы маусым – нағыз еркіндікке жол ашты. Біз дизайнерлердің өз коллекцияларын еркін әрі лайықты таныстыруына барынша қолдау білдіреміз.
«Еurasian Fashion Week» өз әдетінше маусымдық тренд қалыптастыруға дайын. Ол үшін ұйымдастырушылар миллиондаған фолловерлері бар блогерлермен келісім-шарт жасасқан. Басты критерий:
Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:
- Біз ең алдымен беделі жоғары медиа тұлғаларға назар аударамыз. Біз үшін көзқарасы бізбен үндес адамдардың болуы аса маңызды. Сондықтан көбіне дәл сондай жандарды бренд-амбассадор ретінде шақырамыз. Айта кету керек, қазірге дейін бұл ұсыныстан бас тартқандар болған жоқ.
Дәл осы талаптар бойынша подиумда бой көрсететін 15 бренд-амбассадор арнайы іріктеліп алынған. Олардың қатарында отандық танымал блогер Bota Mia да бар.
Ақбота Нұрахын, блогер, «Еurasian Fashion Week» бренд-амбассадоры
– Ұсыныс қалай түсті? Қандай да бір талаптар болды ма? Кастингтен өттіңіз бе?
– Кастинг десек те болады. Қызық болды негізі, бұл предложения маған түседі. И сонымен бірден уақытысын белгілейді ғой, сағат 3-те келіңіз деген сияқты. Ал мен алдын-ала сол күні съемка қойып қойғам. Бір грузинский би қойғам. Жаңа костюмді шешіп, киім ауыстырып үлгермей, сол грузинский киіммен кастингке былай барғансың ғой.
Инфлюенсер жанкүйерлерін сән көрсетілімінде ерекше кейіппен қуантпақ. Спойлер: образы жақында тұрмыс құруына байланысты.
Ақбота Нұрахын, блогер, «Еurasian Fashion Week» бренд-амбассадоры
– Ең қызығы, бұл жақта мен тек қана жаңағы неше түрлі образдарды емес, осындай, қалай айтсам екен, тойда киетін той көйлегін ашам. Және де сол показды өзім ашып, өзім жабатын болдым. Өзім де бәлкім соның ішінен тойға образ ала салармын. Как раз андай ойлап жүргем ғой, қандай образ кием, не кием деп.
Аталмыш концепция аясында дизайнерлер өз топтамаларында қазақы элементтер мен заманауи hi-tech материалдарын үйлестіруді көздейді. Тіпті бұл жолғы инсталяция да, ерекше алып текшелермен әрленбек.
Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:
- Әр текше – бір дәуірдің көрінісі. Сәннің қалай өзгергенін, оның ағынын, сол «fluidum» табиғатын осы инсталляциялар арқылы анық байқауға болады. Бұл тек көркем бейне емес, сонымен қатар біздің жаңа визуалымыз бен сән апталығының басты тақырыбын айқын жеткізетін символ.
Осылайша медиа-бранчта биылғы маусымның айрықша тұстары талқыланды. Сән апталығы 22-сәуірде басталатыны хабарланып, ұйымдастырушылар барша сәнсүйер қауымды қатысуға шақырды.