Мемлекеттік награда төңірегіндегі дау!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алдымен Жазира Еркін сүйіншілетті. Актриса «Батыр шапағаты» медалімен марапатталғанын желіге жүктегені сол еді көрермен түрлі пікір жаудырды. Артынша Еркебұлан Тоқтар да жағымды жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі 2025 жылғы 21 қазандағы ҚР президентінің жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді. Оқырман бұл жолы да үнсіз қалмады. Мемлекеттік награданың жүгі ауыр, дәрежесі биік екенін білетін халық пікірі екіге бөлінді. Бірі жастарды қолдау керек десе, екіншілері кезек әлі жетпегенін алға тартады.

Жанболат Найзабеков, актер:

Қазір жастар мемлекеттік наградалармен марапатталып жатыр ғой. Осыған қатысты пікіріңіз қандай? Мысалы, тредс оқырмандары әлі ерте деген пікірлер айтып жатыр. Сіз қалай ойлайсыз?

Ешкімнің бағымен таласпайм, бақ деп ойлаймын. Әркімге әр жаста атақтың беріліп жатқаны.

Мемлекеттік награда жас талғай ма?

Негізі талғау керек шығар. Өйткені, сол уақытқа, деңгейге дейінгі адамның еңбегіне қарау керек не халыққа жасаған қызметіне қарау керек деп ойлаймын..

 

Мемлекеттік награда берілмес бұрын заңмен бекітілген әр пункт, тіпті жас ерекшелігі де ескерілетіні сөзсіз. Сондықтан мөр басылған құжатты даулауға ниетті емеспіз. Тек жабық көрсетелімдердің бірінен бой көрсеткен жұлдыздардың қоғамдық талқылауға түскен тақырып жайлы пікірін білмекке асықтық.

Нұрболхан Шарапов, актер:

Қоғамдық кішкене, талқылаулар, Резонанс тудырған атақ алған кісілер де бар. Ала берсін, біреудің бағымен таласа алмайсыз. Бағы солай бұйырған, атақ алу бұйырған. Демек лайық болған. Лайықты болмаса да ол оның бағына байланысты.

 

Шарапов пікірін білдірген соң жаға ұстатарлық ақпаратпен бөлісті. Мән-жайды өз ауызынан естіңіз.

Нұрболхан Шарапов, актер:

Маған өзіме де ұсыныс тастаған. Осындай ақша төқлесең осындай атақ беріледі, аласың ба деген сияқты. Осыдан 4 жылдың көлемінде болған әңгіме

Мемлекеттік награда үшін бе?

Иә, атақтардың көбісі алып жатқандардың ааа сондай ма деп қаласың да іштен.

 

Тақырып төңірегінде актриса Лаура Мырзахметова те пікірін білдірді.

Лаура Мырзахметова, актриса:

 

Кейбір жандар бар өнер саласында жүргеніне 4-5 жыл, 10 жыл ғана болған шығар шығар, бірақ маңдай терін төгіп, өнерге еңбегі сіңген адамдар алмай жатқан кезде кішкене көңілге тиеді екен.

 

Ойлағаны өз қамы емес, Әріптес аға-әпкелердіәң еңбегі еленсе дейді актриса.

Лаура Мырзахметова, актриса:

Бекжан Тұрыс аға. Өте лайықты, қандай актер, эпизодқа шықса да ол кісі өнер үшін барын салған, өмірін арнаған кісілдердің бірі. Өйткеін ол кісі әбден лайық...

 

Оқырманның да бұл тізімге қосары бар. Желіге жазған пікірдің басым бөлігіне назар салсақ, Мұрат Құсайыновтың еңбегі еленбегеніне наразы жұрт жетерлік. Марапатсыз қалған мамандарды төсбелгісімен құттықтайтын күннің ауылы алыс емес деп сенейік.