Aport Mall West Наурыз мерекесін ерекше сән-салтанатпен атап өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көктеммен бірге келген Әз-Наурыз Aport Mall West алаңында өзгеше форматта тойланды. Биыл да сауда орталығы көпшілікке тек мерекелік көңіл-күй ғана емес, ұлттық рухпен астасқан ерекше атмосфера сыйлауды көздеген.

Рахман Илямов, маркетинг және PR жөніндегі директордың орынбасары

- Aport сауда орталығы биыл да Наурыз мерекесін ауқымды түрде, халықпен бірге тойлады. Әдеттегідей келушілерге арнап арнайы шоу-бағдарлама дайындадық. Шақырылған басты жұлдыз қонанағымыз Беркут пен Аиша. Олар өз өнерлерін көрсетеді, ал бұдан басқа балаларға арналған арнайы концерттік бағдарламамыз, би қойылымдарымыз бар.

Сауда орталығының жоғары деңгейде ұйымдастырған мерекелік шарасына, келген жұрттың қарасы қалың. Жиналған қауым Aport Mall West ұжымының көңілді бағдарламасына таңданысын жасыра алмады. Бірі концерт тамашаласа, енді бірі фотозоналарда суретке түсіп, түрлі ойындарға қатысты.

- Біз 5 жылдан бергі тұрақты келушілеріміз.

- Бүгін қызықты іс-шаралар, ойындар ойнатылып жатыр. Қазақтың Әз-Наурыз мейрамында үлкен жоғары деңгейдегі концерт өтті деген ойдамын.

Aport Mall West мерекелік концертпен шектеліп қалмады. Сауда орталығы тұрақты қонақтарын ұлттық құндылықтарды дәріптейтін асық ату, арқан тартыс сияқты қызықты ойындарымен қуантты. Сонымен қатар, бьюти-аймақтарда топ визажистер нәзік жандыларға тегін макияж жасап, шаш үлгілерін сәндеуден шеберлік сабақтарын өткізді.

Рахман Илямов, маркетинг және PR жөніндегі директордың орынбасары

- Сонымен қатар, қонақтарға 12 000 мың бауырсақ тегін таратылды. Сондай-ақ, кішкентай бүлдіршіндер үшін арнайы ойын-сауықтар ұйымдастыруды жөн көрдік. Дискотека, көпіршіктер шоуы, аниматорлармен ойындар, шеберлік сабақтары болады.

Күн мен түннің теңеліп, шуақты көктемнің бастау алған шағында тойланатын ұлы мерекенің жөні бөлек. Келген халық түрлі эмоцияға бөленіп, мәре-сәре болып тарқасты. Дегенмен сауда үй ұжымы ұсынар сый-сияпат бұнымен таусылар емес.

Рахман Илямов, маркетинг және PR жөніндегі директордың орынбасары

- Сондай-ақ, біздің тұрғындарға арнаған ең үлкен сыйымыз бар. Ол автокөлік. Бұл акция 30 тамызға дейін жалғасады. Кез келген адам қатыса алады. Қатысу үшін 10 мың теңгеге сауда жасау қажет және ұтысқа тіркелсеңіз жеткілікті.

Қашан да сапаға мән беретін Aport Mall West-тың көңіл қуантарлық жаңалықтары әлі алда! Сауда орталығының ресми парақшасынан хабарландыруларды бақылап отырыңыз – бәлкім, су жаңа автокөліктің иесі дәл сіз боларсыз!