Алматы марафонында 72 жасар желаяқ алдыңғы шепте келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алматы марафоны мен үшін жақсы мереке!

Мен үшін нәтиже, жеңіс!

Өмірімдегі ең ерекше кезең деп айтам.

 

Алматы марафонына 15 жыл! Біраз уақыттан бері әлемнің түкпір түкпірінен келген желаяқтарды бір алаңға тоғыстырып келген «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, биыл да өз әдетінен танбады. Бұл жолы 10 000-нан астам қатысушы 10 және 21 км қашықтықты бағындырды.

Салтанат Қазыбаева, race-director «Almaty marathon»:

Біз шараның қатысушыларға жайлы, әрі қауіпсіз болуын жіті қадағалаймыз. Сонымен қатар экологиялық бастамаларға, қайырымдылық жобаларға және қоғамдық қызметке үлкен мән береміз. Сондықтан бұл бағытта әрдайым жұмыс жүргізіліп отырады.

 

Алматы марафон – бұл спорттық мереке. Қатысушылардың негізгі мақсаты - мәре сызығын бірінші болып кесу ғана емес, креативті образдармен ерекшелену. Олардың қатарында:

 

Светлана Клементива, «Almaty half marathon» қатысушысы:

Мынадай көйлекпен бірінші рет жүгірдім. Қатты ұнады. Мұндай ерекше лукпен жүгіруге құрбым ұсыныс жасады.

 

Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Корея. Биыл Алматы марафоны үшін әлемнің 44 мемлекетінен 900-ге жуық желаяқ мәдени астанамызға келді. Бұл соңғы 9 жылдағы туристердің рекордтық көрсеткіші. Ұйымдастырушылардың зерттеуі бойынша, шетелдіктердің 79,3 пайызы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр екен.

Ли Кён Хи, «Almaty half marathon» қатысушысы (Оңтүстік Корея):

Өте қызық болды. Бірінші рет марафонда жүгірдік. Керемет!

Пак Чин Ён, «Almaty half marathon» қатысушысы (Оңтүстік Корея):

Маған да ұнады. Алматы әдемі қала екен.

Салтанат Қазыбаева, race-director «Almaty marathon»:

Шетелден келіп қатысатын желаяқтар көбеюде. Сонымен қатар олар тек біздің марафон үшін ғана емес, еліміздің көрікті жерлерін көру үшін келетіні қуантады. Яғни, біздің шараның арқасында туризм дамуда.

 

Спорттық шарада жыл сайын жасөспірімдерден бастап, егде жастағы желаяқтарға дейін бақ сынайды. Бұл жолы 72 жасар Сәрсебек Шахмұхамбетов алдыңғы шепте келіп, біраз жастарды шаң қапдырған-ды.

Сәрсебек Шахмұхамбетов, «Almaty half marathon» қатысушысы:

Көңіл-күйім өте жақсы. Былтыр екі рет қатыстым. Апрельде, сентябрь айында. Биыл мына сәуір айында тағы қатысып тұрмын. Өзім жұмыс істейтін жерде жастарға үлгі болайын дегенмін.

 

Сонымен жеңімпаздарға кезек берейік. Жасөсіпрімдер арасында 10 км-ді бағындырған арулар шетел асып келген. Пәкістандық Захра Амир күміс жүлдені иеленсе, Франциядан келген София Кастэль бірінші орынды қанжығалады.

София Кастэль, «Almaty half marathon» жеңімпазы (Франция):

Менің ойымша бұл нағыз кереметтің өзі. Әсіресе ұйымдастыру жұмыстары жақсы жүргізіліпті. Бұл марафон мен үшін ең естен кетпесі болды.

Захра Амир, «Almaty half marathon» жеңімпазы (Пәкістан):

Мен Алматы марфонын жақсы көремін. Менің қазіргі көңіл-күйім тамаша болып тұр. Керемет шара, керемет адамдар. Мен кәдімгідей ләззат алдым.

Ал Қытай елінен келген қазақ жігіт болса, 2024 жылғы рекордты жаңартты! Қуан Анубайк 21 км қашықтықты 1 сағат 4 минутта жүгіріп өтті.

Қуан Анубайк, «Almaty half marathon» жеңімпазы (Қытай):

Қазақ елі болған соң, келіп қатынасқым келеді және де Алматы халқы өте ұнайды. Ауа-райы өте ұнайды.

 

Салауатты өмір салты – әрдайым алға жетелейді. Ал Алматы марафоны сол істі мерекеге айналдыратын бірден-бір ауқымды шара. Ендеше келесі маусымның қатысушысы болуға дәл қазір дайындықты бастай беріңіз, көрермен!