6 жылдық үзілістен кейін сахнаға қайта оралған ұжым,шығармашылықтарына арнап деректі картина таспалаған.
Қызыл кілемде үш ағайындыдан құралған бойзбенд қана емес, жұбайлары:
Софи Тернер, Приянка Чопра және Даниэль Джонаста жасындай жарқырады. Серіктерін қолдап келген бикештер де, дәл осы туындыға шама-шарқынша өз үлестерін қосқан екен.
Ник Джонас, «Jonas Brothers» тобының әншісі:
- Алғашында біз топ болып қайта келеміз деп мүлдем ойламадық. Тек қана фильм жоспарлаған едік. Менің ойымша дәл осы туындының арқасында сахнаны сағынғанымызды түсіндік.
Jonas Brothers-тің ұзақ уақыт өнерден алшақ кетуінің басты себебі – жеке өмірлері болса керек. Таяуда ғана шаңырақ көтеріп, отағасы атанған жігіттер, сүйікті істеріне қайта кірісетін сәт енді туды деп отыр.
Кевин Джонас, «Jonas Brothers» тобының әншісі:
- 6 жылдан кейін қайта оралу қиынға соқты. Тыңдармандарымыздың бізді қалай қабылдай алады деген уайым болды. Себебі заман өзгерді, талаптар басқа. Енді кейінге шегінерге жол жоқ. Тек алға!
Джонастар әулетінің серілері жайлы туынды «Бақыт жолында» деп аталады. Ұжымның сахнадан тыс өмірі баяндалатын лента, түрлі мұрағаттан алынған видеолардан құралған.
Джо Джонас, «Jonas Brothers» тобының әншісі:
Бұл фильм біздің тарихымыз. Кішкентай кезінен бастап сахнаға ұмтылған үш ағайындының естен кетпес оқиғасы. Егер картинаны тамашаласаңыз, біздің өміріміздегі әрбір сәтпен таныс боласыз.