Әдетте тентектігімен талқыға түсетін Төреғали, бұл жолы жанды дауыстағы концертте сүрінді. Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнін симфониялық оркестрдің сүйемелдеу орындаған Ұлы дала баласы, тональностьтен ауытқып, ыңғайсыз жағдайға тап болған.
- Кейбір мынадай нәрселер болады. Жанды дауыспен айтқан кезде, жазылып жатқан микрофонның дауысын алып, әдейі бұзуға болады да. Ондайды өз көзіммен көргенмін. Күнде айтып жүрген әніңді түк айта алмайтын қылып жасап қояды. Күннің көзін қолымен ешкім жаба алмайды ғой.
Төрештің мұндай келеңсіздікті бастан өткеруі алғаш рет емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын Ерке Есмахан екеуі тағы бір мәрте тығырыққа тірелген-ді.
Төреғали Төреәлі – әнші
- Әр кезде әр түрлі. Бір кезде көңіл-күйің болмай тұрады. Бір кезде шынымен дауысың шықпай тұрады. Оған халық түсіністікпен қарайды ғой. Бірақ, жаңағыдай нәрселер жасалған кезде, кімге ақталып отырасың. Жоқ, негізі мен айта аламын деген сияқты.
Ал, жас буынның сан түрлі сылтауын Роза Рымбаева түсіне алмай әлек. Халық әртісі кез-келген форматта, еш қиындықсыз ән шырқай беретінін айтады.
Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:
- Неге маған бәрі кедергі болмайды? Мен ауылда да, стадионда да, қалада да, далада да жанды дауыспен бере беремін. Білмеймін, неге екені маған ештеңе кедергі болмайды.
Фонограммаға бауыр басқан әншілердің қылығы, Ғалымжан Молданазардың да қытығына жиі тиеді. Музыкант жанды дауысқа төселмеген танымалдарды сахнадан шеттетуді сұрайды.
Ғалымжан Молданазар, әнші:
- Менің жалпы түсінігім бойынша егер сен әнші болсаң, сен әнді орындауың керек тірідей. Ал егер тірідей орындамасаң, сахнаға шығып керегі жоқ деп ойлаймын.