Су жаңа бейнебаяндар

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаз біткенде, маусым құрметіне Nicki Minaj құрбысы Megan Thee Stallion мен Ty Dolla $ign -ды шақырып, естен кетпес пати ұйымдастырды. Үштік дәл осы тақырыпта «Hot Girl Summer» әніне бейнебаян ұсынды. Тверк, ашық-жарқын түстер мен рэп орындау шеберлігі – барлығы бәз-баяғыдай, Ники ханымның стилінде.

Есесіне, тың идеяға келгенде Post Malone тосылып қалмақ емес! Хип-хоп орындаушы су жаңа «Circles» трегінде жирен жылқысын жетектеп, сауыт киген батыр атанды. Аталмыш әуен, әншінің осы жұмада жарық көретін «Hollywood’s Bleeding» жинағына енген.

Желі қолданушылары болса, A$AP Rocky-ды әбден талқылауда. Рэперді тілге тиек еткеннің басым бөлігі – ресейлік жанкүйер. Бұған себеп, хип-хоп орындаушының Babushka Boi бейнебаяны. Орыс әжейлері сынды киініп, банк тонаған A$AP Rocky көпке ұнағандай. Туынды бүгінде 11 миллион қаралым жинап үлгерді.