Меган Марклдың декреттік демалысы аяқталды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Меган Маркл декреттік демалысын тәмамдады. Сассекск герцогинясы қайырымдылық қорын қолдауға бағытталған капсулды коллекциясын таныстырмақ. Сірә, балалы болдым деп көлеңкеде қалып қоюдан қорықса керек. Енді, ел алдына жиі шығып, қоғамдық іске білек сыбана кірісемін деп отыр.

Адельдің жанкүйерлері де «қалпақтарын аспанға атса» болғандай. Сылқым, күйеуімен ат құйрығын үзіскен соң, күйзеліске түсіп кеткенді. Абырой болғанда, бұл қиындығын шығармышылығы арқылы жеңіп шыққан. Бүгінде, бақыттан басы айналып жүрген сылқым, жыл соңында камбэк жасамақ.

Күні кеше Бритни Спирстің ұлын әкесі Джейми Спирс сабап тастағанын айтқан болатынбыз. Бүгін, индсайдерлер бұл жағымсыз жаңалықты әншінің өзі қалай қабылдағанын жеткізді. Айтуларынша, сылқым жанын қоярға жер таппай жүр. Тіпті, бұл айыптаулар расталса әкесінен мүлде іргесін аулақ салуды да ғажап емес.