Жеңісхан Момышев «Бизнес по казахский»-ге бәсекелес болатын комедия таспаламақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тілші:

- Дәл қазір мен түсірілім алаңындамын. Бұл, Жеңісхан Момышевтың продюсерлік қызметтегі екінші картинасы. Бұған дейін ол киноәлемінде тек режиссерлік міндетті атқаратын.

Жеңісхан Момышев, продюсер, режиссер:

– Жеңісхан, фильм туралы айтып берсеңіз. Продюсер ретіндегі тырнақалды туындыңыз трагикомедия жанрында таспаланған еді. Уәде бергендей комедия жанрында шығар?

- Иә, ендігі кином комедия. Кішкене халық демалып, күліп, өзіне-өзі күліп қайтсын деген оймен «Базар жоқ, Мексика» деген туынды, франшиза жасап жатырмыз. Бұл, Алла бұйыртса, бір кинодан қалып қалмайды. Алла бұйыртса дүние жүзіне шығамыз.

- Бүгінгі кезде, киногерлер шетелге шығып, кино түсіруді трендке айналдырғандай. Бұл құбылысты сіз қалай түсіндіресіз?

- Енді сіз біле білсеңіз, бұл құбылысты мен бастағам. Бұл құбылыстың өзім куәгері болып, бірінші киноларды бастадым. Бұл әлі жалғасады.

Отандық ең табысты комедиялардың көшін бастап тұрған «Бизнес по казахски»-дің алғашқы бөліміне Жеңісхан Момышев режиссерлік еткенді. Сол тәжірбиесіне сүйеніп, Қоянбаевтың картинасына нағыз бәсеке бола алатын фильм таспалаймын деп білек сыбанып отыр.

Айсара Бисенова, тілші:

– Бүкіл туындыларыңыз бір-біріне ұқсап кетеді деп қорықпайсыз ба?

- Қорықпаймын, себебі менің ол проектерде қоспаған тұзым бар, соны осы жерде қосам.

Аса ыждаһаттылықпен актерлық құрамды іріктеген ол, бас кейіпкерлерді ТОП әрітестер арасынан таңдаған.

Асқар Ілиясов, актер:

– Асқар, аталмыш картинадағы өз рөліңіз туралы айтып берсеңіз.

- Ол өзінің махаббаты үшін мұхит асып, Мексикаға аттанған жас дәрігер.

- Кішкене болса да құпиясын ашып, өз образыңыз туралы айтып берсеңіз. Өзіңізге жақын ба ол рөл?

- Иә. Ол романтик. Мен де романтик. Кейіпкерім екеуіміздегі басты ұқсастық осы. Көз алдымызға бірнәрсені елестетіп, соған жетпейінше қоймаймыз.

- Бүкіл фильмге түсер кезде, сіз фильмді талдап, режиссерлерді таңдап барып түсесіз. Осы картина несімен еліктірді сізді?

- Негізі бұл менің өмірімдегі тұңғыш комедиям болмақ. Маған сценарий ұнады, кейпікерім көңілден шықты. Өйткені ол романтик, және комедия ол күлікілі жанр. Жеңісхан барлығын айтып бергенде, оның көзінен от көрдім. Ол өте амбициясы жоғары режиссер, мен де сондаймын. Сондықтан, сапалы комедия шығуы керек.

Фильмнің сюжеті бойынша сүйіктісін іздеп, Мексикаға барған Асқар сенімді серігі Джонимен бірге түрлі қызықты оқиғаларды бастан кешірмек.

Олжас Абай, актер, әнші:

– Олжас, талай отандық комедияға түсіп тастадыңыз. Образдарыңыз бір-біріне ұқсап кетеді деп қорықпадыңыз ба?

- Осы мамандықта оқығаннан кейін барынша бір-біріне ұқсатпауға тырысамын. Ол комедиялық жанр болсын, басқа жанр болсын мәселе онда емес. Әртүрлі образды барынша басқаша жасауға тырысамын.

Еліміздегі түсірлім жұмыстарын тәмәмдаған ұжым Мексикаға аттанбақ. Алматыдан Түркияға, Түркиядан Амстердамға, Амстердамнан Мексикаға ұшып, 30 сағаттын әуеде өткізетін киногерлер жол машақатын тартудан да жүрексініп отырған жоқ. Бастысы – сапалы дүние жасау.