Тәуекел Мүсілім тағы ғашық! Актер су жаңа сүйіктісімен кинопремьерада бой көрсетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекел Мүсілім біраз уақыттан бері көпшілік көзінен таса болған еді. Экрандардан түспейтін актердің бір сәтте неге назардан тыс қалғаны көпке қызық.

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:

-Тәуекел, бұрын сені роликтерден, фильмдерден, сериалдардан жиі көріп тұрушы едік. Қазір бір пауза орын алып қалған сияқты. Себебі бар ма? Әлде бұл әдейі жасалған пиар ход па?

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Енді кішкене халық өзі бір сағынысып, біраз уақыт өткеннен кейін, тағы бір қауышайық деген ой ғой негізі. Жалпы, жұмыс болып жатса әрине біз түсеміз, жобаларға түсеміз. Әзірге бізде кішігірім мини отпуск.

Бұл кішігірім демалысында сері «ай қарап» жүрген жоқ. Шым-шытырық махаббат хикаясының бас кейіпкеріне айналған. Себебі, кинопреьераға су жаңа ғашығымен бірге келіп, таңқалтты. Дегенмен, «аузы күйген, үрлеп ішедінің керімен» көпшіліктен сүйіктісін жасырып қалғысы келді. Себебі, бұған дейін Айтұрған Мамай есімді қырғыз қызын болашақ жарым деп таныстырып, жарияға жар салғаны бар.

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:

- Кезінде, өзің суретін жариялап сүйіктіңнің елді бір шулатқан едің, әсіресе қыздар қауымын. Неге соңы тоймен аяқтала алмай жатыр?

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Мен негізі сурет жариялаған емеспін. Тек айтқан болатынмын. Дегенмен, сурет ешқандай болған жоқ. Енді ол сторис ия, ал жалпы БАҚ құралдарына берген жоқпын. Енді неге болмай жатыр, дегенде оған менде жауап бере алмаймын. Мүмкін Алла бұйырмай тұрған нәрсе.

Айтұрғанмен шаңырақ көтеру бұйырмағанымен, жаңа ғашығымен отбасын құру ойын жоққа шығармады.

Тәуекел Мүсілім, актер:

-Тәуекел, енді көпшілікті қызықтыратын сұрақ, өзің де білесің ғой бұл сұрақты ия? Қашан үйленесің?

- Енді Алла бұйырған күні үйленеміз. Дегенмен үйленудің ауылы алыс емес.

Тәуекелдің тағы бір жоспары марқұм әкесі жайлы толықметрлі картина таспалау болатын.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Осыдан біраз уақыт бұрын, әкем туралы кино таспалаймын деп едің? Ойыңнан айнып қалған жоқсың ба?

- Ойымнан айныған жоқпын. Тек бұған әрине қаражат керек, дайындық керек. Және де біз қазір жаңағы әкем жайлы ақпарат жинаудамын, жаңағы достарынан. Оның бәрін жинап болғаннан кейін, жаңағы художественный жағынан кино түсіретіндей етіп бір келтіреміз.

- Басты ролді өзің сомдайсың ба?

- Басты рол енді....

- Өзің сомдайтын шығарсың?

- Ия. Өзім сомдаймын.

- Биыл түскен халықаралық «Барон 2» фильмінің тұсаукесері қашан?

- Ол әлі белгісіз өйткені, толық бұл жобаны бітірген жоқ. Ресей елінде түсірілетін бөлімі қалды киноның, соны бітіргеннен кейін Алла жазса, бір жарты жылдай монтажы бар. Жаңағы дайындығы бар. Енді бұйырса көктем жазға қарай.

- Барон фильмі шетелдік киноөндіріске жол ашты деп ойлайсың ба?

- Өзбекстанда бәрін сұрасаң бәрі сол «Баронды» біледі. Ал бұл екінші бөлімі халықаралық жоба болды. Бұл жерде Қазасқстаннан біз бармыз, Түркия елінен актерлар, Ресей елінен актерлар, Өзбекстанның өзінің танымал актерлары қатысты.

Дәл осы Барон туындысы өзбек режиссері Рустам Сагдиевтің криминалды драмасының жалғасы. Атыс-шабысқа толы лентада Мүсілім, сценарийге арнайы енгізілген қазақ жігітінің рөлін сомдайды.