Billboard үздіктері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Billboard чарты, әдеттегідей тыңдалымы ең жоғары тректер тізімін ұсынады! Бұл апта, әнші Lizzo топ жаруда! Оның Truth Hurts туындысы көпке ұнап жатса керек. Еске салсақ, сылқым боди позитив өкілі ретінде жанкүйерлері арасында кеңінен танымал. Ештеңеге қарамастан өзіңді сүй, өзіңе сен, өзгенің ықпалына түспе! Лиззоның әндеріндегі ұраны осы.

Шон Мендес пен Камила Кабейоның махаббат хикаясы көптің көңіліне жағуда! «Senorita» трегімен көңіл жарастырған қос ғашық, музыкалық чарттардың ең үздіктер қатарында. Ыстық сезімнен, жүректентен шыққан сөз жүрекке жетеді деген сірә осы болар!

Есесіне, Пост Малоун аздап ашулы! Мұны оның хип-хоп орындаушының Young Thug-пен бірлесе шырқаған «Goodbyes» туындысының мәтінінен байқауға болады. Рэпер өкпе, өмір қиындығы мен қызғанышты туындысында сөз еткен еді. Десе де, аталмыш әуен Биллборд чартының үштігін тұйықтап тұр.