«Менің бөксем – болашағамды болжайды!»

Сообщить о проблеме с эфиром

«Менің бөксем – болашағамды болжайды!» Дәл осылай деп сыр ақтарған Шакираның сөздері көпшілік үшін санаға қонымсыз көрінгені анық. Дегенмен, сылқым қай әнінің әлемдік чарттарда көш бастайтынын алдын-ала біліп отыратынын айтты.

Тың туындысына өзі бірден билей кетсе, трек сөзсіз хитке айналады екен. Ал, Шакираның биі бөксесімен тікелей байланысы барын білеміз. 2017 жылдан бері үнсіз жатқан бикеш бұл сөздерді бекер айтпаса керек. Үлкен камбэк жасауды көздейтіндей.

«Көйлек кигені үшін – ұлымды қатарластары келеке қылды»! Меган Фокс кең етек көйлекке құмар атұстарын биыл мектепке апарғанды. Алты жастағы Ноаның қыздар сынды киінгені сыныптастарына оғаш көрінсе керек, бірден мазақтай жөнелген. Дегенмен, Меган перзентіне өзгенің сөзіне құлақ аспауды үйрететінін айтты.

Көпті таңқалдырған Майли Сайрус пен Кейтлин Картер қарым-қатынасы тәмам! Тек шығармашылықпен айналысуым қажет деген әнші, махаббат хикаясынан бас тартқан. «Бұл шешіміне өзі дән риза», - дейді индсайдерлер.