Жеңісхан Момышев Мексикадан сәлем жолдауда! Режиссер шетелдегі түсірілімінің эксклюзивті кадрларымен бөлісті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Осыдан он шақты күн бұрын Қазақстандағы түсірілімін аяқтаған Жеңісхан Момышев, Мексикаға лентаның жалғасын таспалау үшін аттанып кеткен болатын. Енді міне, отанынан жырақта қызу жұмысқа кіріскен киногер, шетелдегі экслюзивті кадрларымен бөлісті.

Таңғы сағат алты. Біз Мексикадамыз. Біздің сьемочный команда.

Осылайша, сәлемдемесін жодаған Момышев түсірілім жұмыстарының қиынға соқпағанын айтады. Оған себеп, күллі команданың Қазақстаннан болуы дейді режиссер.

Олжас Абай, Қажет Смағұлов, актерлар:

- Бәрі керемет. Иә, өте ойдағыдай болып жатыр, өзге ел, өзге жер. Бәрі өзгеше жүріп жатыр. Аллаға тәуба, өз командамыз, Қазақстандық команда.

Актерлердің айтуынша, Мексикадағы қызыққа толы түсірілім жұмыстары, бірнеше аптаға созылмақ. Ал, лента сәтін салса келесі жылы көрерменге жол тартпақ!