Bonapart пен Мәди Рымбаевтың «Шоколад» трегі «iTunes»-те ТОП әндер қатарында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәди Рымбаев алғаш рет өнердегі әріптестерімен дуэт құрды. Әдетте, тек анасы Роза Қуанышқызы мен ағасы Әли Оқаповпен ғана ортақ туынды ұсынып жүрген өнерпаз, бұл жолы жас музыкант Бонапартқа ұсыныс тастапты.

Мәди Рымбаев, жас әнші:

- Өте қарапайым адам екен. Өйткені осыдан бері екі ай бұрын мен инстаграмда дайректке жаздым. Ол 5 минуттан кейін бірден жауап берген. Мен дуэтты жазамыз деген ұсыныс тастағанда, ол маған жарайды, кеттік деп жұмысқа бірден кірісіп кеттік.

Қос өнерпаздың коллаборациясы «Шоколад» деп аталады. Үш апта бұрын жарық көрген тректің демо нұсқасын Бонапарт пен «EQ» тобының солисті Esko жазған.

Тіпті, Мәди Рымбаев аталмыш әнмен «iTunes» музыкалық чартына алғаш еніп отыр.

Мәди Рымбаев, жас әнші:

- Менің есімімді iTunes-та бірінші рет көрдім. Енді шыны керек жасыратын ештеңесі жоқ. Бонапарттың аудиториясы үлкен және менікінен де үлкен. Өйткені оның да неше түрлі, хиттары бар өзіңіз білесіз. 70 пайызы, сол Бонапарттың аудиториясы.

«Apple Music»-та үздік ондыққа енген трек, Мәдидің жақындарының да көңілінен шықса керек. Әншінің рэперлермен құрған дуэтіне, анасы қарсы болмапты.

Мәди Рымбаев, жас әнші:

- Ол ешнәрсе демейді. Өйткені. рэперлер де олар музыканттар, әншілерге жақын. Өзіңіз білесіз неше түрлі әндерді осы рэперлер жазған.

Енді, Мәди мен Бонапарт көпшілік көңілінен шыққан «Шоколад» әніне бейнебаян түсірмек.

Bonapart, жас әнші:

- Біз өте қуаныштымыз, өлеңнің таралып жатқанына, адамдарға ұнап жатқанына. Жалпы енді ойда клип түсіру де бар. Жалпы болашақта мүмкін тағы да бізде коллаборация болар.