«Аддамс отбасы» картинасының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Лос-Анджелесте көптен күткен анимация - «Аддамс отбасы» картинасының тұсауы кесілді! Премьераның қызыл кілемінде Шарлиз Терон, Хлоя Грейс Морец, Снуп Дог бастаған танымалдар түгелдей төбе көрсетті. Еске салсақ, өнер өкілдері, мульфилмдегі бас кейіпкерлерді дыбыстаған болатын.

Снуп Дог, рэпер:

- Менен мультфильмді дыбыстауымды өтінгенде бірден келістім. «Аддамс отбасы» анимациясының бір бөлшегі атану үлкен қуаныш. Бәріміз де сәби болдық, бұл жобамен балалық шақты қайта бастан өткергендеймін.

Сондай-ақ бұл кеште Кристина Агилера да көзге ілікті. Әншіге, анимациялық туындының саундтрегін орындау сеніп тапсырылған еді. Жұлдызды қонақ, айтулы шараға түгелдей отбасын ерте келіпті. Ал, өнерпаздың қызыл кілемдегі ерек образы лентадағы кейіпкерлердің еріксіз еске салды.

Бұл отбасының әкесі жаңбырлы күнде серуендегенді ұнатса, анасы әлемдегі ең жарқын қара түс деп санайды. Балалардың сүйікті ойын алаңы – зират. Олардың әжесі болса, күн сайын ұйықтар алдында у ішеді. Иә, иә бұл бәз баяғы классикаға айналған Аддамстар жанұясы!

Шарлиз Терон, актриса:

- Фильмдегі отбасының мэсседжі ұнайды. Яғни, өзің болудан қорықпау, күлкілі болудан қорықпау. Меніңше, бұл көңіл көтерерлік әрі ой саларлық қызықты картина.

Еске салсақ, әлемге әйгілі «Аддамс отбасының» авторы - суретші Чарльз Аддамс. Комикс шебері, өз туындыларын The New Yorker басылымында жариялап тұрған. Кейіннен кейіпкерлер туралы телехикая таспаланып, бүгінде бұл шығарма анимациялық лентаның негізіне айналып отыр.

Ал, «Аддамстар отбасын» еліміздің көрермендері қазанның 31-нен бастап тамашалай алады.