Энн Хэтэуэй «құрсақ шашу» тойын жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Энн Хэтэуэй аса бақытты! Актриса екінші сәбиіне аяғы ауырлап, босанатын сәті жақындаған соң құрсақ шашу өткізді.

Вaby shower-ге сылқым тек жақын құрбыларын ғана шақырған. Перзент сүю ұзақ уақыттан бергі арманым деп ағынан жарылған Энн, аяғы ауырлағанға дейінгі күндерін де еске алды. Екінші рет жүкті болуға деген талпынысы үнемі сәтсіз аяқталған шақтарда, күйзеліске де түсіп кеткен екен.

Жақында ғана тұрмысқа шығып, бал айын өткізіп келген Хайди Клум жайма базарда жүр. Ел ескі-құсқысын шығарып сататын Лос-Анджелестегі «барахолкадан» супер модель үйіне қажетті заттар іздеген екен. Нәтижесінде, антикварлық екі жұмсақ орындық еншілеп қайтты.

К-рор жұлдызы Солли өз пәтерінде өлі күйі табылды. Менеджері ұзақ уақыт онымен хабарласа алмаған соң, үйіне іздеп келген. Есікті бұзып ішке енгенде, сылқымның жансыз денесін тауып алған. Полиция ол өз-өзіне қол салуы мүмкін деп болжам жасады.

Солли F гелз-бендінде ән салғанды. Сол сәттерде Батыстық мәдениетке еліктеп, еркіндікті ту етіп ішкиімсіз инстаграмда тікелей эфирге шығамын деп басы дауға қалған. Содан соң, хейтерлер сөзіне шыдай алмай топтан кетуге мәжбүр болады. Дәл осы көптің түрткісі, оны өлімге итермелеуі мүмкін дейді көзкөргендер.