Ермек Тұрсынов пен Баян Алагөзова дауы жалғасуда! Атышулы продюсер он жыл бойы ізіне түскен режиссерді сотқа бермек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ермек Тұрсынов, режиссер:

- Меніңше бұл өте қауіпті нәрсе. Мәдениетімізді төмендетіп, санамызды бұзады.

Жуырда ғана Ермек Тұрсынов ұлттың кері кетуіне Баян бастаған шоу-бизнес өкілдерін кінәлап, фейсбукте жалынды жазба қалдырғанды. Режиссердың пікірінше, Алагөзова сапасыз фильмдерімен халықтың киноға деген талғамын төмендетуде. Мұны оқыған Мақсатқызы да, үнсіз қалмады. Продюсер инстаграм арқылы, режиссерге өз жауабын қайтарды.

- Сізге қояр сұрағым бар. Сізде "кішкентай мүше" синдромы бар ма? Менімен және менің жұмысыммен күресуден жалықпадыңыз ба?

Нұрсұлтан Есжан, тілші:

– Баян, жақында Ермек Тұрсыновпен желіде жанжал, дау-дамай пайда болды. Нәтижесі қалай болды, не боп жатыр?

Баян Алагөзова, продюсер:

- Мен білмеймін.

- А, сіз жауап берген жоқсыз, пайда болды, болды?

- Желі арқылы барлығын жеткіздім деп ойлаймын. Меніңше, барлығын түсінікті жаздым.

- Бетпе-бет жүздесіп сөйлескен жоқсыздар ма, бір сферада жүрсіздер ғой.

- Шынымды айтсам, Тұрсыновты өмірімде көрген емеспін. Сондықтан, оның маған деген қарым-қатынасы түсініксіз.

- Жәй ғана желіде жауап беріп қойдыңыз?

- Иә. Мені танымаса да он жыл қатарынан түрлі жазбалар жазып, әр нәрсені айтып ренжітіп келеді. Шамамен, сегіз әлде он жыл болып қалды. Жасы менен үлкен болғандықтан, үндемей келдім. Шығармашылықтың адамы, әріптесім ретінде сыйлаймын да. Бірақ, шектен шыққан соң, жауап жазуға тура келді.

- Сөйтіп кездескен жоқсыздар, сотқа барған жоқсыздар, осылай жылы жауып қоя салдыңыздар? /Баян басын шайқайды/

«Ит үреді, керуен көшеді» ұстанымын құп көретін Мақсатқызы сотқа жүгініп, уақытын кетіруге құлықсыз. Атышулы продюсердің мұндай дауларға еті әбден үйренген.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Бұл менің танымалдылығымның кері тұсы дер едім. «Адамның барлық әрекетін кешіруге болады, тек оның танымалдылығын емес» деген де сөз бар. Сенің жетістікке жеткенің елге ұнамайды.

- Әйтпесе инстаграмыңызға да күніне бәленбай адам жазады ғой иә?

- Әрине. Қанша балағаттаса да, ол адамдарға «мен сіздерді жақсы көрем, бақытты болыңыздар» деймін.

- Және де бәрінің ондай пікір жазуға құқығы бар?

- Ну не знаю, я считаю что у меня құқық жоқ.