«101» тобы камбэк жасай ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы он жылмен салыстырғанда танымалдылығы біраз бәсеңсіп қалған «101» тобы қайда жүр? Аталмыш ұжымның жанкүйерлерін аса толғандыратын сауал.

Дегенмен, топ түбегейлі тарап кетпепті. «Алые паруса» картинасына арнайы жазылған соңғы саундтректен бері, тыңдарманның үміті қайта жанған еді.

Сонымен, шоу-бизнесте орны бөлек «101» тобын үлкен сахнадан қашан көреміз?

«101» тобы:

- Топтың жұмысы ешқашан тоқтаған емес... Әдеттегідей, шығармашалық ізденістеміз. Уақыт жаңашылдықты қалайды, кез-келген салада. Сондықтан, біздің топ та өзін тың бағытта сынап жатыр. Бұрын джаз болса, енді классикаға бет бұрудамыз.

Біраз, үнсіздіктен кейін «101» тобы жанкүйерлерінің қуанышын екі еселемек ниетте. Мәселен, жуырда су жаңа альбомдарының тұсау кесерін жасамақ.

«101» тобы:

- Иә, бұрын-соңды шықпаған альбом жазылу үстінде. Одан бөлек, тыңдармандарға жақын, жатталып қалған ескі әндерді жаңа форматта шығарсақ па деп отырмыз. Жаңа жылға дейін ұсынамыз!

Расымен де, ұзақ үзілістен кейін, топ жаңа деммен іске кіріскен сыңайлы. Мәселен, Ербол продюсерлікті қолға алса, Иванның сүйінші хабарын Ресей әншісі Доминик Джокердің өз аузынан естідік.

Доминик Джокер, әнші Ресей

- Мен кез-келген сазгердің шығармаларын айта бермеймін. Орындаған күнде де өзіме ыңғайлап алатынмын. Осы тұста Ваня Бреусовтың орны бөлек. Жақында оның қайталанбас туындысы «Сердце скажи» әнін орындасам ба деп ұсыныс білдірдім. Ол, қуана келісті!