«BTS» аrmy-ға тосын сый әзірледі!

Сообщить о проблеме с эфиром

«BTS» фанаттарына тосын сый әзірледі! Әйгілі k-pop ұжымы өздерінің «Make It Right» трегіне су жаңа бейнебаян таспалады.

Америкалық әнші Lauv-пен дуэт құрған бойзбенд, тың видеоны жеке мұрағаттарынан жинаған-ды. Онда, «Love Yourself: Speak Yourself» турнесінің ең қызықты сәттері мен дайындықтары бейнеленген.

Таяуда ғана «Elvis Duran Show»-ға сұхбат берген мемберлер, Lauv-пен коллаборацияның қалай пайда болғанын айтып берді.

«BTS» тобы:

-Әлемдік турненің бізге берген пайдасы зор. Ұлыбританияға барған сапарымызда, біз Лауфпен танысып, тіпті серіктестік орнатуға келістік. Ол біздің өнерімізге тәнті болып, дуэт құруға ұсыныс білдірді.

«BTS»-тің «Army» үшін дайындаған жаңалықтары да жетерлік. «Bangtan Boys» бүгінде кезекті альбомдарын жазу үстінде.

«BTS» тобы:

- Бар уақытымыз студияда өтіп жатыр. Жыл соңына жоспарлаған үнтаспа жарық көруі үшін біз барымызды салудамыз. Егер уақытылы альбомды ұсына алмасақ «арми» бізді түсінеді деген үміттеміз.

Ал, жігіттер су жаңа әнжинақтың жарық көруі алдында «Грэмми» мараптына аттанады. Бойзбенд Холзимен орындаған «Boy With Luv» трегімен 3 бірдей номинациядан үмітті. Мемберлер сондай-ақ, соңғы альбомдарымен де бірнеше жүлдеден дәмелініп отыр.