Ники Минаж тұрмысқа шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ники Минаж сүйіктісі Кеннетта Петтиға тұрмысқа шықты! 36 жастағы рэпэр ару сүйінші жаңалығын инстаграм парақшасы арқылы жеткізді. Сылқым жүктеген видеодан үстел үстінде тұрған бокалдардан «мистер және миссис» деген жазуды байқауға болады. Одан бөлек, бейсболкаларында «Қалыңдық пен күйеу жігіт» деген сөздер де бар. Ал, посттың астына Ники өзінің толық аты-жөнін жазып, жанына Петти тегін де қосып қойыпты.

41 жастағы рэпер Кеннетта Петти бұған дейін аты шулы бас бұзардың бірі болған. Ол - кісі өлтіргені үшін 7 жыл, ал 16 жасар жасөспірімді зорлағаны үшін 4 жыл темір торда отырып шыққан.

Корольдік отбасы Гарри ханзада мен Меган Марклдың таяуда жарық көрген сұқбаттарын құптамады. Өткен демалыста ғана британдық арналардың бірінен «Гарри және Меган: африкалық саяхат» атты деректі фильм көрерменге жол тартқан едің. Лентада Гарри, әулетіндегі қиындықтар мен ағасы екеуінің арасындағы шиеленісті де тілге тиек етті. Ал, ханзаданың отбасы болса, бұндай ақпараттар құпия болып қалу керек деген пікірде.

Гарри ханзада

-Уильямға Меганмен үйленетінімді айтқанда, бірден қарсы шыққан еді. «Сен оны танымайсың ғой, әлі ерте» деп бетімді қайтаруға тырысты. Оның сөзінің де жаны бар шығар. Өйткені, Кейт екеуі сегіз жыл кездескен болатын. Бірақ мен Меганмен бақыттымын.

Кеше ғана Ким Кардашьян 39-шы күзін қарапайым ғана атап өткен болатын. Бағалы сыйлықтар, жауһар - жақұттар жаһанның түкпір түкпірінен тоқтаусыз келіп жатты. Бірақ ең күтпеген тосынсыйды Ким үшін жары Канье Уэст жасады. Рэпер 1 миллион АҚШ долларын жары үшін қайырылымдыққа жұмсапты. Оның бұл ісін құптап, сүйсінген фотомодель қуанышты жаңалығын, сүйіншілетіп әлеуметтік желіде бөлісті.