Отандық прокатта үздік шыққан фильмдер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киномандар аптаның үздік фильмдерін анықтады. Кассалық табысымен көш бастап тұрған – «Малефинсента: Түнек әміршісі» картинасы.

Анджелина Джоли басты ролді сомдайтын лентаның екінші бөлімі алғашқы аптада 250 млн теңгеден аса пайдаға кенелді. Шытырманға толы фэнтези Аврора ханшайымның қалыңдық атанатын сәтінен басталмақ.

Туындыда Аврораның болашақ туысқандарының зұлымдықтары баяндалады. Ал, қызын қиындықтан құтқару тек Малефинсентаның қолында.

«Джокер» 81 млн кіріс көріп, екінші орынға жайғасты. Режиссер Тодд Филлипстің психологиялық триллерінде Артур Флектің хикаясы суреттеледі.

«DС Comic»-тің кейіпкері алғашында тек көтеріңкі көңіл-күймен жүретін-ді. Алайды сері, қоршаған ортаның сатқындығынан кейін, зұлым жанға айналады.

Уилл Смит «Гемини» фильмімен айналымдағы екінші аптада 68 млн теңгеге жуық қаражат тапты. АҚШ пен Қытай елдері бірігіп түсірген картина, жасы келген киллердің оқиғасы негізінде таспаланған.

Ғылыми-фантастикалық лентада, Уилл Смит өзінің көшірмесімен ашық айқасқа түседі. Себебі, ол өзінің өмірін аман алып қалу үшін, жас сарбазмен күресуге мәжбүр.