Тимоти Шаламе «Патша» картинасының тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл күндері Тимоти Шаламенің жарғақ құлағы жастыққа тимеуде! Жас актер әлемді аралап, «Патша» лентасының тұсаукесерін өткізуде. Картинасымен күллі Еуропаны шарлаған ол, ат басын Аустралияға бұрды.

Сидней қаласында да, жұлдызды жанкүйерлері ыстық қарсы алды. Мұны премьераға келген халықтың көптігінен аңғаруға болады. Олардың бәрі де, Тимотидің қолтаңбасын алуға асық.

Жанкүйерлерімен жылы жүздесуден соң, киногерлер көп бөгелмей, фильмнің таныстырылыма кірісті.

Еске салсақ, аталмыш лентаның сюжеті Уильям Шекспирдің драмалары негізінде жазылған. Тарихи туындыда Генрих V патшаның өмірі суреттеледі. Ал, фильм алғаш рет Венеция кинофестивалінде көрсетілген болатын.

Тимоти Шаламе, актер:

- Тарихи картинада ойнау тіптен қызық. Өмірде болған адамды кинода ойнау жауапкершілік дер едім. Бұл жоба мен үшін үлкен тәжірибе болды.