«Әкеммен тұрамын!» Бред Питтің 13 жасар қызы Шайло Анджелина Джолидан «безіп кетті»!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Балаларым бақытым» деп жақында ғана сұқбат берген актрисадан неге ұл – қыздары құтылуға асық? Анджелина Джолидың 13 жасар қызы Шайло, анасымен бірге тұрғысы келмейтінін айтып, шағым жасаған. Жасөспірімнің сөзінше, Энджи шектен тыс талаптар қойып, бәрін бақылауда ұстағысы келеді. Сондықтан еркіндікті сусайтын еркекшора Шайло, әкесіне кеткісі келеді. Бірақ, Джоли өзінің экс күйеуіне бірде бір баласын бергісі жоқ.

Эмбер Херд пен Джонни Депп арасындағы дау күн санап өршіп барады. 2015 жылы ажырасуға өтініш білдірген екеудің бір-біріне деген өкпелері қара қазандай. Әсіресе Херд, Джониды «ішкілікке салынған, нашақор. Онымен қоймай мені ұрып, соғатын» деп айыптаған болатын. Актриса моральдық өтемақы ретінде 1 миллион АҚШ долларын талап етіп отыр. Ал, бұл сөздермен Депп те, оның қорғаушысы да келіспейді. Енді ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін, медициналық сараптамаға жүгінбек. Егер ақталып шықсам, Эмберден өтемақы ретінде 50 миллион АҚШ долларын талап етемін дейді актер.

Пит Дэвидсон мен Кайя Гербер Нью-Йорк дәмханаларының бірінде бірге түскі ас ішіп отырған жерлерінен, камера объективтеріне түсіп қалған. Пит өткен аптада ғана сүйіктісі Маргарет Куэллимен ара қатынасын тоқтатқан болатын. Бірақ, бұған бола қайғырып жүрген сері жоқ. Қайта 18 жасар сәнбикемен уақытты көңілді өткізуде. Желі беттерінде тарап кеткен суреттеріне қатысты әлі екеуі де мәлімдеме жасамады.