Канье Уэст президенттік сайлауға түспек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Канье Уэст: «Енді ән жазумен шектеліп қалмай, 2024 жылы президенттік сайлауға түсемін» деп мәлімдеме жасады. Белгілі рэпер «жеңіске жетер болсам, елді еркіндікте билеп, бәсекеге қабілетті мемлекет етемін» дейді. Желі беттерінде оны қолдап жатқандардың қарасы көп.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Ресейдегі дүкендердің бірінде Каньеден айнымайтын жігітті кассаның жанында суретке түсіріп алған. Рэпердің бізден жасырған тағы қандай құпиясы бар екен...

Кейт Мидлтон мен Уильям ханзаданың отбасына қызықпайтын адам кемде кем шығар. Бірақ патшалық әулеттегі жас жанұяның жұрттан жасырған өз құпиялары бар болып шықты. 2007 жылы айырылысып, 2 айдан кейін қайта қосылған олар, өзара «Неке шартын» жасасқан екен. «Бұл қағаз қарым-қатынастың беріктігі мен нығыздығының кепілі» дейді Уильям.

«Тақтар ойыны» аяқтала салысымен, фильм жайлы түрлі қызықты ақпараттар су бетіне қалқып шығуда. Әсіресе режиссер мен оның командасы, актерлардың эмоциясын шығару үшін түрлі құйтұрқы әрекеттерге барған екен. Мәселен, Алфи Аленге «сені Бран асқан жауыздықпен өлтіреді» деп айтқан. Оны естіген Теон Грейдж түсірілім алаңында күйзеліске түсіп, көз жасына ерік беріпті. Ал Кит Харингтонға «Келесі бөлімде сенің түріңді адам танымастай етіп, тілгілеп тастаймыз» деген. Жоғарыда айтылғандардың бәрі, бірде бір актерды бей-жай қалдырмапты.