Айқын мен Жұлдыз Өмірғалиғали желіде өлім тілеген кім? Жұлдызды жұп неге әлі күнге хейтерлерден арыла алмай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Корейлік әртіс Соллидің жағымсыз жазбалардан кейін өз-өзіне қол жұмсауы, q-pop өкілдерін де бейжай қалдырмады! Желідегі мұндай безбүйрек оқырман отандық әншілерге де тыныштық бермейтін көрінеді.

Зируза, әнші:

- Мысалы менде де ондай болды, сен осындайсың деген сияқты, бір сөзді жазбай, тіпті кейбір адамдар отбасыңа дейін көшіп кетеді да, сенің анаң осындай, сен де осындайсың деп.

Солли көз жұмған соң, хейтерлер тобы k-pop-тың өзге де мүшелерін өлімге итермелеу үшін барын салуда. Ғаламторда талай таяқ жеген Зируза, сол сияқты сәттерде мықты болуға шақырады.

Зируза, әнші:

- Әлеуметтік желінің жақсы жақтары да, жаман жақтары да бар. Сол себепті, әрбір адамға байланысты. Егер адам мықты болса іштей, қанша басқа адамдар қалай жазса да...

Ал, Айқынның жағымсыз жазба қалдырушыларға көңіл бөлмеуі - темірдей берік, құрыштай бекемдігінің арқасы.

Айқын, әнші:

- Жұлдыз екеуіміздің видеомыз тарағаннан кейін, әрине хейтерлер көп жазды. Бірақ хейтерлерге қарап тұрған мен жоқ. Қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ, әркім өзі біледі.

Есесіне, бұл оқиғаны кезінде Жұлдыз ауыр қабылдаған болатын.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

-Бәрібір түбі оңбайсың, болмайсың, қызың туылса басыңа келсін, өліп қал, көз жасына қалып қал, сөйтіп қал, бүйтіп қал деген мені көме салатын жағдайға жеткізді.

«Аяусыз хейтерлерге көңіл бөлмеу – жақсы кеңес! Десе де, жағымсыз жазбаның астында қалмау үшін, әр қадамыңды аңдап басқаның абзалырақ болады» - дейді Айри.

Ayree, әнші:

- Менің ойымша, бәрібір де әртіс әр қадамын ойластыруы керек. Әрине, енді біз өзімізге жасамаймыз ғой, әрине халыққа жасаймыз. Сондықтан, олардың пікірлері әрине мен үшін маңызды.