Марйам Сатай әкесінің көзінше сүйісетін сахналарды қалай ойнады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Киноның құдіреттілігі сол, өмірде бір-біріне жат жандардың арасында махаббат отын маздатып қоюға қауқарлы! Берік Айтжанов пен Әсел Сәдуақасованың арасында сезім барына «Адель» фильмін тамашалаған көрермен шүбә келтіре қоймас. Бірінің тәні, екіншісінің жаны сырқат қос ғашықты құрдымнан құтқарған махаббат дерсің...

Құралай Анарбекова мен Дәурен Серғазиннен жұп шығады деп ойламассың. Дегенмен, «Брат или брак» картинасы арқылы олар араларында ғаламат сезім барын шынайы көрсете алды.

Дәурен Серғазин – актер

- Өмірде еш алаңсыз, еш өтірігі жоқ, сәл аңқаулау, бірақ өзінің махаббатына деген тазалығы, оның батырлығы, сол өзінің алдына қойған мақсатына жетуге бар күшін салуға. Осындай таза кейіпкердің бірі.

Нұртас Адамбаевтың жары барын да, Аружан Жазылбекованың басы бос еместігін де көрермен жақсы біледі. Дегенмен, олардың кинода көрсеткен сезімдерінің шынайылығына сенді.

Дегенмен, Нұртас пен Аружан арасында ынтықтықтың жетіспей қалғаны анық. Есесіне, Асқар Ілиясов пен Әйгерім Мақсұтова алабұртқан сезімді көрсетуден жасқанбады.

Сүйісетін сахна Марйам Сатай мен Эльтерес Нұржановта да болды. «Районы» картинасында актрисаға әкесінің алдында махаббат сезімін ойнауға тура келді.

Марйам Сатай – актриса

- Менің кейіпкерім 16 жастағы Дина есімді қыз. Басты рөлдегі Әрсеннің сыныптасы әрі ғашығы. Біз сүйісетін сахналар шынайы болған жоқ. Сондықтан, әкемнің алдында қысылмадым.

Бүгінгінің махаббат символы – Томирис пен Арғұн болды! Екеуінің ортасындағы махаббат ашық көрсетілмегінімен, «ғашықтың тілсіз тілі, жүрекпен сезіліп, көзбен ұғындырылып» тұр! Әділ Ахметов пен Альмира Тұрсынның шеберлігіне – браво дерсің!