Кинопрокат үздіктері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, прокатқа жол тартқан су жаңа туындылар көрермен бағасын алуда. Киномандар ТМД елдері бойынша өткен уик-эндттің үздік фильмдер арасындағы топ үштікті анықтады.

Айналымдағы алғашқы аптада-ақ көш басына жайғасқан туынды –«Аддамстар әулеті». Анимациялық лента 2 млрд теңгеден аса қаражатқа кенелген.

Танымал актрисалар: Шарлиз Терон мен Хлоя Грейс Морец басты рөлдерді дыбыстаған мультфильм Чарльз Аддамстың комикстар негізінде таспаланған.

Үлкен экрандарға қайта оралған Арнольд Шварценеггер «Терминатор: Қара тағдыр» фильмімен 1,5 млрд теңгеден астам кіріс көрді. Майталман актер әйгілі туындының алтыншы бөлімінде басты рөлді актриса Линда Хэмилтонға сеніп тапсырған.

Фантастикалық туындыда Сара Коннор, роботтардың көзін жоюға тырысады. Басты мақсатына жету үшін Сара, Терминатордың өзінен көмек сұрайды.

Анджелина Джоли «Малефисента: Түнек әміршісі» картинасымен үшінші апта қатарынан топ жаруда. 1 млрд теңгеден аса пайда тапқан фильмді, АҚШ пен Ұлыбритания бірігіп түсірген.

Көрерменімен қайта қауышқан Аврора ханшайымның кезекті хикаясы оның қалыңдық атануынан бастап өрбиді. Туындыда Малефисента асырап алған қызын қиындықтан құтқару үшін түрлі жанкештілікке барады.