Шэрон Стоун 19 жасар ұлымен қызыл кілемде бой көрсетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли ізімен! Актриса бүгінде қызыл кілем салтанаттарынан перзенттерін қалдырмайтын болған. Жүздеген камера мен репортерлар жиналған кеш тұрмақ, ұл-қызымен көшеге сирек шығатын Шэрон Стоун да таңқалдырды. Мадридтегі Сантония сарайында 43-ші рет өткен «Harper's Bazaar» журналының мерекелік кешіне тұңғышымен бірге келді.

Еске салсақ, бүгінде 19-ға толған бозбаланы актриса мен экс-күйеуі Фил Бронштейн шақалақ шағында асырап алған болатын. Роэннен кейін, Шэрон Лэрд, Куиин есімді екі ұлды қамқорлығына алып, ата-ана атанған-ды..

Биыл 61-ге толған Шэрон Стоун тым ширақ! Сымбатты мүсіні мен сұлу келбеті жас қыздардың өзін шаң қаптыруға қауқарлы. Мерекелік кешке Stephane Rolland-тың ақ гүлмен көмкерілген қара костюмін таңдаған актриса, мінсіз талғамымен көпті таңқалдырды. Айтпақшы, журнал бұл кеште Стоун ханымға «халықаралық икона» мүсіншесін табыс етті.