Жеке кешінде әкесіне ән арнаған Әли Оқапов көптің жүрегін елжіретті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Әли Оқапов тыңдармандарын «Билетпек»! Әншінің тұңғыш рет Алматыда өтіп жатқан LIVE концерті дәл осы, өзінің хит әнінің атымен қойылған. 100 пайыз жанды дауыста өтетін кешке өнерпаз ұзақ әрі үлкен жауапкершілікпен дайындалды!

Тіпті, кеш басталғанша муызканттың жаны жай таппады. Әншінің жүзінен қобалжу байқалады.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

– Әли, көңіл-күйіңіз қалай? Халықты билетуге дайынсыз ба?

Әли Оқапов, әнші:

- Иә, әбден дайынмын. Көңіл-күйім көтеріңкі. Барлығы ойдағыдай болған сияқты. Қобалжу бар әрине, бірақ дегенмен өз-өзімді дайын деп есептеймін.

- Біз байқағанымыздай, сіз соңғы сәтке дейін дайындықта болдыңыз. Бүгін өзі ұйықтадыңыз ба?

- Бүгін ұйықтадым. Бірақ дайындық, шыны керек, мен үшін аз. Кез-келген нәрсеге, тіпті, жоспардан тыс болсын, бос уақыт болсын, барлығын дайындыққа арнауға тырысамын. Өйткені, өз-өзімді сенімдірек сезінемін де.

– Анаңыз халық әртісі ретінде, анаңыз ретінде бір кеңесін, ақылын айтқан шығар?

- Қобалжыма, сенде бәрі жақсы, бағдарлама керемет. Тек қана дұрыс көңіл-күймен сахнада бол деді.

Алайда, бұл кеште Әлиге анасының ғана емес, достарының да ақ батасы демеу болғандай.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

– Қазақта енді сөз бар, «баласы атқа шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады» деген. Сізде, қобалжу бар ма?

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

- Әрине. Себебі, бұл баламның туған қаласындағы алғашқы есеп беру кеші және де бұл концертінде өзінің авторлық әндерін орындайды. Жалпы, Әли бірінші күннен бастап өзінің авторлық әндеріменен шығып жүр. Бұл деген үлкен емтихан, бұл деген үлкен сын.

– Ал, енді астанада алғаш концертін өткізгенде Әли қатты шарап, сіз сұхбат бергенсіз. Мен оны демалдырып қалыпқа келтірдім деп. Осы жолы қалай болды?

- Бұл жолы да қатты шаршады. Өздеріңіз білесіздер Республика Сарайын бір ақ күнге береді. Сондықтан, бір күнде сахнаны құрып, биді қойып, оркестрдің дыбысын жөндеп, жарық жағын жөндеп, режиссерлық жұмысты бір күнде қою оңай емес. Кеше күні-бойы, түні бойы осы сахнада жұмыс істеді.

Жүз пайыз жанды дауыста өткен кеште, музыкант әкесі Тасқын Оқаповқа ән арнап, келген қонақтардың жүрегін елжіретті.

Одан бөлек, бұл сахнада Батырхан Шүкеновтың әндері де шырқалды.

Әли Оқапов, әнші:

- Батырхан Шүкеновтың рухына арналған ерекше туындыны тарту еттіңіз. Сол кісіге ән арнауды мақсат тұтқан сияқтысыз?

- Әрине ол менің құрметім болды. Ол менің сүйікті әншімнің бірі болғансоң, әрине осындай кеште Батырхан ағамыздың әнін орындаудың өзі үлкен, мен үшін мақтаныш.

Ал, концерттің қадірлі қонақтары арасынан Диас Абылаев табылды. «Тағдырымыз ұқсас, екеуіміз де халық әртісінің ұлдарымыз» деген Оқапов, өнердегі досымен аналарына ән арнады.

Диас Абылаев, әнші:

- Өз кезегінде бұл әнді менің анам да, Роза Қуанышқызы да айтқан болатын. Туындыны ремейк жасап, аналарымызға арнауды жөн көрдік. Бізге ең қиыны сахнада көзге жас алмай әнді орындау болды.

– Нағима, Әли қашан үйленеді үйленеді деп бәрі сұрайды. Диас неге ерте үйленбейді, бойы да үлкен жасы да үлкен ғой.

  • Вот когда он сделает концерт, тогда и үйленеміз!