Киносаласында жүрген отандық өнерпаздар, «Оскар» жаңалықтарынан мүлде бейхабар!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Оскар» марапатына үмітті актерлар есімі анықталғаны сол-ақ еді, тізімдегі киногерлер бірден талқыға түсті! Әрине, себебі биылғы сайысқа Леонардо ДиКаприо, Роберт Паттинсон, Брэд Питт сынды атағы жер жарған әртістердің өзі таласқа түспек. Тіпті, жағымды жаңалықты естіген көрермен, жеңімпазды анықтауға өзара бәс тігуде. Ал, біздің отандық жұлдыздар кімге жанкүйер?

Элизат Берікова, әнші, актриса:

- «Оскар» тізіміне ұсынылған актерларды білесің бе?

- Жоқ.

- Жақсы. Қаншалықты кино жаңалықтарын қарап тұрасың?

- Шынымды айтсам, қазір енді көп киноға барып жүрген жоқпын. Енді, кішкентай баламен үйде отырғаннан кейін. Оның алдында босандым. Сөйтіп-сөйтіп, білмеймін киноға баратын. Қолымыз да тимей жүр шынымды айтсам.

Отбасылық өмірін сылтау еткен Элизат Беріковаға «Оскар» үміткерлерін білмеу үлкен айып бола қомас. Оның үстіне сылқымның, киноәлеміне енді ғана қадам жасаған жайы бар. Сондықтан, бұл сауалды киносаласының майталмандарына қойып көрдік.

Жеңісхан Момышев, режиссер, продюсер:

– «Оскарға» ұсынылған актерлерды білесің ғой.

- Жоқ. Мен екі киномен жүргеннен кейін білмеймін.

- Қарап көрсең болады. Тізім шықты. Дей тұрғанмен халық көп күткен «Джокер» образын сомдаған Хоакин Феникс тізімде жоқ.

- Өйткені ол Оскар. Ол жақта енді шындықты айтатын болсақ енді, мен өзім шетелде болып көрдім, ол жақта бізден де хуже.

- Қай жақтан?

- Шындық жағанынан. Егер де біреуге беру керек болса, онда береді.

-Қойшы, әділдік жоқ па?

-Әділдік бар. 3-4 пайыз әділдік береді, кезінде Титаникты ойнаған балаға бермеді ғой.

- Ол кім?

- Тілімнің аузында тұр.

Осылайша Жеңісхан, Леонардо ДиКаприо мен киносайысқа үміттілер есімін білмесе де, «Оскардың» ішкі асханасымен жақсы таныс сынды кейіп танытты. Режиссердың сөзіне қарап, Момышев әйгілі киносайыстың қазыларымен бірге жүр ме дерсіз.

Аян Өтепберген, актер:

– «Оскарға» ұысынылған актерлер тізімі жарияланды. Хабардарсың ғой, кімдер?

- Хабардан емеспін. Өйткені, бұл жолы «Қазақ хандығы» жоқ. Сондықтан қараған жоқпын әлі.

- Өкінішке қарай Аян, ол тізімде жоқ екенсіз деді ме?

- Ол тізімде болмай-ақ қояйын. Бірақ, білетінім «Джокер», Хоакин Феникс, содан кейін «Игра разумов» бар. Сол екеуін білем, қалғанын әлі қараған жоқпын.

- Қателесіп тұрсың. Дәл қазір сен айтқан «Джокер» образын сомдаған Хоакин Феникс тізімге енбеген.

- Қойш.

- Иә.

- Кеттім мен. / кадрдан кетіп қалады/

- Аян, кино жаңалықтарын қаншалықты бақылап тұрасың? Актерсың ғой.

- Мммммм... Енді мен... Инстаграм парақшасында барлық актерларды оқим. Бірақ оқимын деп айтқаным ұят болар, себебі жаңағы «Оскарға» ұсынылған актерлер тізімін білмей тұрмын. Бірақ бүгін қараймын, бүгін барып қараймын.

Қысқасы, бұл күні отандық актерлармен «Оскар» тақырыбында әңгіме өрбіте алмадық. Дегенмен, әртістеріміз «киножаңалықтарды» қарап жүреді деп үміттенеміз.