«Красавчики до нашей эры» фильмі көременге жол тартты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:

-Қазақ киноөндірісінде тағы бір тың туынды! Бұл жолы сонау тас ғасырына сапар шеккізген «Красавчики до нашей эры» комедиясы тұсауын кесті! Жоба авторлары әрі бас кейіпкерлер: «НТК» арнасындағы «Патруль» телехикаясы арқылы танылған актерлар қауымы!

Күні кеше КВН жүлдыздары мен отандық өнер өкілдері «Красавчики до нашей эры» комедиясының тұсауын кесті. Жеңіл әзіл мен қағытпа қалжыңға толы туынды, тың форматта таспаланған. Жоба авторлары, мұндай жанр отандық киноға жаңа леп әкеледі деп үміттенеді.

Мейіржан Түребаев, актер:

-«Красавчики до нашей эры» фильмі, енді әр фильмнің халыққа берері болуы керек. Қандай месседжы бар сіздердің осы комедияларыңызда?

-Негізі, вообще месседж қойған жоқпыз. «Для души» деген сияқты фильм. Негізі бар ғой, әр квн-щиктің миында жүретін сценарий ғой. Просто біз оны шығардық, жауып тастадық. Все, никогда чтобы не возвращаться. Әр квн-щиктің арманы ондай фильм түсіру.

-Идея бұрыннан келе жатыр ма сонда?

- Идея 2005 жылдан бері келе жатыр.

-Локация жазық дала, үңгір жалпы далада түсірілді. Ал, реквизиттер шаш, гримм, аса көп кетпеген сияқты бюджетке. Табысын менің ойымша оп-оңай ақтап алатын сияқты?

-Жоқ мысалы, киімге қараңыздар, бір атар қой ғой – 100 қой!

Көңіл көтеретін жеңіл комедияда, ежелгі тайпалардың тіршілігі суреттелген. Жатып ішер жалқаулар еңбек етуден қашып, ұрлықпен күн көруге көшеді. Өзгелердің арқасында шалқып өмір сүріп жүрген жабайылар, бір мезетте майлы жіліктен қалай айырылып қағандарын түсінбей қалады.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Дәке тұсаукесер құтты болсын!

-Рахмет!

-Дәурен, сіз кастинг арқылы өттіңіз ба әлде шақырту болды ма?

-Кастинг болды. Кастинг болғанда енді өзіме арналған бір рөл болған екен. Сол рөлді Дәурен сомдаса жақсы болатын шығар деп. Сол балдардың ұсынысына мен келістім.

-Жалпы фильмдерге қазір жиі шақырып жатыр ма? Байқасақ соңғы кездері, аса бір кинотуындылардан байқалмай жүрсіз.

- «Ой, постоянно одни и те же актеры» деп айта береді. Сол себепті постоянно олай айтпау үшін, кішігірім пауза ұстап жатырмыз.

«НТК» арнасындағы «Патруль» телехикаясы арқылы танылып, көрермен көзайымына айналған талантты актерлардың бұл екінші толқыметрлі фильмі. Бұған дейін, олар киносүйер қауымға «Регистратор» картинасын ұсынған еді. Авторлар, жаңа туындының да көпшілік көңілінен шығатынына жүз пайыз сенімді.

Мейірхан Шерниязов, актер:

-Кино көрерменге ұнай ма Мейірхан?

-Ұнайды 100 пайыз!

-100 пайыз ұнайды, неге сонша өзіңе сенімдісің?

-Өйткені бұл жердегі әзіл – басқа сыймайтын әзіл, мүлдем.

-Көріңдерші, бюджет ақталу керек! Аса көп шығын кетпеген шығар, дала ғой?

-Мына жерде қымбаты, біріншіден бүкіл 70-80 адамға біз тұру орны, күнделікті тамақ. Қалада жүргенде бір-ақ тамақ бересің ғой. Ана жақта 4-5 рет тамақ бересің. Шын айтайын көп ақша кетті 250 мың доллар-270 мың доллар.

Ал, «Красавчики до нашей эры» комедиясын, 21-ші қарашадан бастап үлкен экрандардан көре аласыздар.