«Амуаждық» арулар бұдан-былай ұятсыз образдардан бас тартады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, @ais.tv

-Қазір мен «Амуаж» тобының кезекті бейнебаянының тұсаукесеріндемін! Еске салсам, арулар соңғы туындысын осыдан 1 жыл бұрын ұсынған еді. Қыздардың осынша уақыт көзден алыстауына не себеп? Қазір анықтап көреміз..

Бұл кеште амуаждық арулар құшақ-құшақ гүлдің астында қалды. Қыздарды су жаңа бейнебаяндарымен құттықтай келгендердің қарасы мол. Шараның қадірлі қонақтары арасында әнші сылқымдардың ет жақындары да бар.

Көп ұзамай, көптен күткен туындының тұсауы да кесілді.

«Amouage » тобы:

– Менің білуімше сендер соңғы бейнебаянды бір жыл бұрын ұсынған едіңдер. Осыншама уақыт үнсіздік болғанына не себеп?

- Мұны үнсіздік емес, шығармашылық демалыс деп түсінген жөн болар. Дауыл алдындағы тыныштық. Енді жаңа күшпен, жұмысқа кірісуге дайынбыз.

- Еске салсам, соңғы клип көрерменді таңқалдырған еді. Өйткені образдарың ашық-шашық. Ал қазір осы бейнебаян несімен ерекше?

- Негізі ашық образ бұрыннан бізбен бірге. Алайда, қазір дүниетанымыз бен көзқарасымыз өзгерді, аздап есейдік дегендей. Бейнебаян әсем кадрларымен елітеді деп ойлаймын. Сюжеті де ерекше.

Ыстығы басылмаған «Fenomen» атты бұл туындының сюжетінде, әншілер шығыс аруларының бейнесінде. Ал, олардың ғашығының рөлін тек бір жігіт сомдаған.

«Amouage» тобы:

- Клип туралы айтып берсеңіздер. Айтып жатырсыздар Дубайда түсірдік деп. Дубайдың қай жерінде, неге Дубай?

- Дубай қаласы үшін емес, сондағы түсірілім тобы үшін сол елге бардық. Бейнебаянды тамашаласаңыз, Дубайда түсірілгенін байқамай да қаласыз.

Ал, тың туындыны алғаш болып тамашалаған кеш қонақтары бейнебаянға қатысты түрлі пікрілерін білдіріп жатты. Тіпті, олардың арасында трек сөзсіз хит атанады деп, сәуегейлік танытып жатқандары да жетерлік.

Сая Оразғалиева актриса:

-Меніңще, бұл ән халық жадында бірден жатталып қалады. Себебі, өз басым тизерін көріп, туындыны күні бойы іштей айтып жүрдім. Сондықтан, ол міндетті түрді хит болады.

Айтпақшы, аталмыш шарада «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген амуаждық Анастасияның экс-күйеуі Алан Черкасов еріксіз көзге түсті. Сері ұйымдастырушылықпен қатар, жүргізушілік міндетті де өз мойнына алған.

Алан Черкасов тележүргізуші:

- Қыздардың бейнебаянға дайындығының куәсі болдым. Бір бейнебаянның артында үлкен жұмыс жатыр. Аруларға бәрекелді дер едім. Амуаждықтардың шығармашлыққа жосрпарлары көп, бұл соның бастамасы.

Олай болса, жаңа тыныспен жұмысқа қайта кіріскен амуаждықтарға сәттілік дейміз. Бұл жолы әншілер, көпке дейін көзден алыстамайды деп үміттенеміз.