Жұлдыз ауруына шалдыққан өнер өкілдері кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сахнаға шыққан соң шоқ жұлдыз болып жану, қай әртістің болмасын басты арманы. Бірақ, кейде өнерпаздың әні таралғанымен, өзі танылмай қалатын кез болады екен. Мәселен, әнші, актриса Дана Кентай «Жұлдыз ауруымен» ауыратын күнді тағатсыздана күтіп жүрген көрінеді. «Бәрі өзімді толыққанды әртіс сезіну үшін» дейді Дана.

Дана, Кентай, әнші:

-Сол күнге жете алмай жатырмын. Әлі өзімді толққанды жұлдыз санамаймын. Әлі сезініп көрген жоқпын. Әрдайым «енді шығып келе жатқан жас әншімін, жас әншімін» деп жүргеніме үш жыл өтіпті. сол күнді сезінетін күнге жетейінші, сосын саған сұқбат бермейтін боламын...

Ал, құрамы мың құбылған «Кешьюлік» әншілердің бастықтары, арулар «жұлдыз ауруына» шалдықса, бірден жерге түсіреді екен. «Ауызы күйген үрлеп ішедінің» кері болса керек, Баян Алагөзова бәрін жіті бақылауда ұстайтын көрінеді.

«Kesh You» тобы:

-Продюсерлеріміз бар. Баян Мақсатқызы, Бағым Мақсатқызы. ол кісілер менің ойымша ондай нәрсені байқап жатса, бірден сөйлесіп, былайша айтқанда жерге түсіріп, алдын алуға тырысады.

Ал елдің еркесі Мақпал Жүнісованың жүйкесін жұқартатын желідегі хейтерлер екен. Халық әртісіне түрлі балағат сөздер жазып, жанын ауыртатын көрінеді. Әсіресе, Жүнісова «қартайғанда жұлдыз ауыруымен ауырып жүр» деп жазғыратындарға ерекше өкпелі екенін айтты.

Мақпал Жүнісова, ҚР Халық әртісі:

-Айтқысы келе ма, менің бетіме келіп айтсын! Сонда мен ол кісіге жауап бере аламын. Ал былай енді «анау жазды екен, мынау жазды екен» деп енді онымен соттасып, оған арыз жазып, оның артынан жүгіретіндей олар кім? Менің тырнағыма да тұрмайды!

Жұлдыз ауруы – жанға уақытша рақат сыйлағанымен, кейін абыройдан жұрдай қылатын жұқпалы дерт. Одан орайын тауып оңтайлы құтылғандар, қайтіп маңайына жоламасы анық.