«Красавчики до нашей эры» комедиясы отандық прокатта қанша миллион жинады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тура бір апта бұрын үлкен экрандарға жол тартқан «Красавчики до нашей эры» комедиясы бүгінде ТОП-үздік фильмдер қатарында. Айналымдағы алғашқы аптада 150 млн теңгедей кіріс көрген лента көрермен көңілінен шыққан-ды.

Жеңіл әзілден құрылған тың туынды қазақ киноөндірісіне жаңашылдық алып келді дейді көрермен. Фильмде, ежелгі тайпалардың заманауи тілде сөйлеуі жоба авторларының идеясы болса керек.

Мейіржан Төребаев, актер:

- Мәке, идея демекші, мен бір фильм көріп қалдым «Миллион лет до нашей эры» деген. Сол фильмге қатты ұқсайтын сияқты.

-Ондай фильмдер мысалы 3-4 фильм бар. Арасы он жыл, он бес жыл. Комедия болғанымен, семейный комедия жылда 10 рет шығады. Айта алмайсың ғой похожи деп. Каждый день комедия, каждый день война, рекетирство тоже снимали дейді да.

-Идеяны сол жақтан алған жоқсыңдар ма?

-Жоқ, идея вообще, мне кажется ол идея емес даже.

«НТК» арнасындағы «Патруль» телехикаясы жұлдыздарының толықметрлі кезекті туындысы, біздің заманымызға дейін өмір сүрген тайпалардың тіршілігін суреттейді. Кербез жігіттер, еңбек етуден қашып, ұрлықпен күн көруге көшеді. КВН жұлдыздары үшін дәл осындай тақырыпта фильм таспалау ерекше тәжірбие болды деп отыр.

Мейірхан Шерниязов, актер:

- Мейірхан қандай қызықтар болды түсірілім кезінде?

-Ой түсірілім кезінде білесізбе өте қызықты болды, көп қызықтар болды шын айтайын. Біріншіден өйткені бізде, түсіріліу тобы өте көп болды ғой 70-80 адам. Постоянно жүреді. Одан басқа актерлар болды, одан басқа массовкалар болды. Ең көп болғаны 150 адамға дейін барды.

-Былай айтқанда жабайы адамдар өте көп болды.

-Ия жабайы адамдар өте көп болды. Техникалар көп болды. Ыстық 47-48 градус, біздің үстіміздің бәрі толған кілей, жүн-пүн, тері-мері аузымыздың бәрі кілей.

-Душ бар ма? Әжетхана?

-Душқа түсеміз да, бірақ душтан кейін гриммнің бәрі қайтадан шығады көмектеспейді. Сондықтан, еңбек үшін айтайын қиналдық шын айтайын. Сол еңбекті халық былай айтқанда көретін шығар енді.

Көңіл көтеретін комедияның көрерменге берер пайдасы да мол. Фильм режиссері Медет Аманбаевтың айтуынша, әр әзілдің астарында қоғамдағы түрлі мәселені көруге болады.

Медет Аманбаев, актер, режиссер:

- Көрерменнің пікірі әр түрлі, бірақ біздің айтқынымыз келген комедияны түсініп, жақсы коментарий жазып жүрген адамдар негізі көп. 80 проценті сондай адамдар.

Марат Оралғазин, тележүргізуші, шоумен:

- Былайша айтқанда қазіргі таңда той туралы, үйдің-қасы ошақ қасы дейтін, комедиялар көп, мынау мүлдем бір басқа бағыттағы жаңаша жанрдағы комедия десе те болады. Өте қатты ұнады. Кішкене мүлдем өзгеше формат. Жігіттерге рахмет, үлкен респект достарымызға!