Кәмшат Жолдыбаева неліктен Айжан Нұрмағамбетовамен бірге ән шырқаудан бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденовалар Айжан Нұрмағамбетовамен бірге ән салғысы келмейді! Иә, иә дәл солай! Қазақстанның еңбек сіңірген әртісінің сөзінше, сылқымдар өнер иесінің карантинге қатысты бейнебаян таспалау бастамасынан бас тартқан көрінеді. Толығырақ, әншінің өзі айтсын.

Айжан Нұрмағабетова ерек челлендж бастады! Өнер иесі репертуарындағы әндердің бірін өзгертіп, карантин кезі мен коронавирус тақырыбына арнады.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, дәл осылай халықты қолдағым келді дейді.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Үйден шықпаңыздар, бәрі жақсы болады. Одан да өтеміз деген, үйде бол деген сол. Ал кішкене әзілдетіп қорықпау үшін, без паники мы не на титанике айтып жүрмін ғой мен.

Көпшілікті әнімен сабырға шақырған Айжан Нұрмағамбетова, туындысын Әлішер Кәрімов пен Айри сынды эстрада жұлдыздарымен шырқаған. Алайда, өнер иесінің бұл бастмасын Кәмшат Жолдыбаева мен Айдана Меденовалар қолдауға құлық танытпаған көрінеді.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Кәмшатты шақырдық, Кәмшат айтты менде қазір проблемалар болып жатыр. Мне не до этого деп сүйтіп айтты. Мархаба Сәбиге айттым. Ол да шыға алмаймын деп айтты, студияда жүр екен, сосын Айдана Меденова, екі баласымен әрине үйден шықпаймын мен қорқам деді.

Еске салсақ, Нұрмағамбетова күні кеше Әлішер Кәрімовпен бірге «Flip the Switch» челленджін жалғаймын деп, көптің талқысына түскен еді. Десе де Айжан ханым қолға алған кезекті флешмобымен сынның астында қалудан қорықпайды.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Ал енді әзілдетіп бірақ, сол на проблему дня, ол хайп емес, хайп болғанда біз жалаңаш шығып, ана бір конкурсты көрдім Ресейде оларды жасап жатқан клиптерін, аяғында жуып жатыр көрсетіп жатыр, ана шелекке қолын да аяғын да сонда сол деген хайп.

Еске салсақ, Айжан Нұрмағамбетова карантин басталғалы бері волонтер атанып, қайырылымдылық шараларында көзге түсуде. Өнер иесі тіпті табысының тоқтағанына қарамастан, мұқтаж жандарға қаржылай көмектесіп жүр.

Айжан Нұрмағамбетова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Менің айтыным мен осы басқа әншілерге қарағанда бай емеспін. Сахнада мен жылтырап жүрсем бәрі бай деп есептейтін шығар. Бірақ қаншама мінекей аккаунтымда өзімнің телефоным тұрған, сонда мінекей қаншама әйелдер, үлкен кісілер звондайды маған көмек сұрайды. 3-5 адамдай болды менің көмектескеніме.