Шоу-бизнестегі жігіттер арасынан Отан алдындағы борышын өтеген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуелсіздігіміздің айбыны - Отан қорғаушылар күні кұтты болсын! Шоу-бизнес өкілдері арасында да, сарбаздармен сап түзеп, әскери борышын өтегендер жетерлік. Мәселен, запастағы офицер Айқын Төлепберген халқыма жау шапса, минометпен елімді қорғауға дайынмын дейді.

Запастағы офицер Айқын Төлепберген шақырту алып, әскерге аттанбағанын мойындайды. Десе де, өнер иесі отан алдындағы борышын жоғарғы оқу орнында жүріп, өтеуге тырысқан.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Өзім әскерде болмасам да, офицер запасамын. Политехта оқығаннан кейін, жақсы ғой енді, профессия минометщик, оның бәрін оқығанмын. Военный присяға қабылдағанбыз. Офицер запасамыз. Енді біз оқуды қуып кеттік, содан кейін өнерді қуып кеттік.

Осылайша, Айқын: «ел басына күн туса минометті қолға алуға асықпын», - дейді. Төлепберген сынды, «Аян Бірбаев та отаны үшін отқа түсуге әзір. Бірақ, әттең Ринголық серінің әскери білімі жоқ.

Аян Бірбаев, «RINGO» тобының әнші:

- Қазақстан еліміздің азаматы болғандықтан, біз өз борышымызды өтеу керекпіз, иә. Егер кәдімгідей қазір керексің, сен кел деген жағдайда міндетті түрде барамын. Одан қашып тығылатын ештеңесі жоқ.

Қайрат Нұртас үшін әскери форма киіп, ел тыныштығын күзету бала күнгі арманы. Алайда әнші: «өнерді тастап кете алмадым», - дейді.

Қайрат Нұртас, әнші:

- Ия, мен әскерге бара алған жоқпын. Себебі, менің қол астымда, 11 адам жұмыс істеді. Қазір Аллаға шүкір, 30-дан асады. Менде уақыт болмады. Негізінде, өзім қатты барғым келді. Өйткені, біз үйде үш баламыз. Бірақ енді қалай, елге танымал болып кеттім да, содан концерттер қойып, кештер қойып, уақытымды өткізіп алдым.

Қару орнына қолына микрофон алуды жөн көргендер қатарында Төреғали Төреәлі де бар. Бала күнінен өнердің ортасында жүрген ол, «әскерден келген шақырту да таңдауымды өзгерте алмады»,- дейді.

Төреғали Төреәлі, әнші:

- Жоқ әскерге бармағанмын. Әскерге баратын уақытта мен Жүргеновте колледжде оқып жүрдім. Айтыспен жүрдім. Бірақ, годен болғам негізі. Шақырту алдым. Бірақ, концерттер қойып тастадық та, сонымен сахнада служить еттік.

Соған қарамастан, шоу-бизнес өкілдері қажет болса қолына қару алып, отанды қорғауға дайын.