Настья Ивлеева мен Элджейдің ажырасып кеткені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Настья Ивлеева мен Элджейдің ажырасып кеткені рас па? Олардың карантинді қала сыртындағы үйлерінде өткізіп жатқаны белгілі болған еді. Екі ай бойы, 24 сағат бірін-бірі көруден шаршады ма кім білсін, Настя қалада тұратын құрбысы Юлия Ковальға кетіп қалған. Инстаграмдағы «Элджейға қайтпайсыз ба?» деген сұраққа, «Юлияға уақытша келдім деп ойлап едім. Бірақ бұл жерде үй жинап, тамақ пісірмейді екенсің. Бәрі дайын. Маған ұнап қалды», - деп екіұшты жауап қайтарған. Бұған қарап жанкүйерлері «жұлдызды жанұяның іргесі сөгіле бастаған» деген болжам айтуда.

Адельдің соңғы бір жылда қатты жүдеп кеткенінен жаһан хабардар. Тіпті оны жанкүйерлері танымай, кейбір табынушылары «бұрынғы келбетің жақсы еді» деп мойындамай жатқан жайы бар. Бірақ британдық жұлдызға бүгінгі келбетті қатты ұнайды. Соңғы берген сұқбатында ол қалай арықтағанын айтып берген. «Маған жазылатын негативті пікірлерден жиі күйзеліске түсетінмін», - деген әнші, бір күні айнаға қарап: «болды, арықтаймыз Адель», - деген екен. Содан кейін сылқым дұрыс тамақтану мен спортты серігіне айналдырған.

Құмды шөлейтте, бикинимен түскен суретін желіге жариялаған Бритни Спирс өзінің мінсіз мүсінімен жанкүйерлерін тәнті етті. Аталмыш фотомен Бритни 2016 жылы шыққан «Glory» атты альбомының мұқабасын жаңартыпты. Дәл осы жинақ сол уақытта «іTunes» чартының көшін бастаған болатын. Поп-жұлдыздың табынушылары Спирстың қайтадан шығармашылықты қолға алғанына қуанышты. Ал әншінің өзі болса: «енді тоқтап қалмаймын», - деп отыр.