Рианна табысты музыкант атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көп ұзамай Рианна миллиардер атанса еш таңғалмаңыз! Ол ең бай британ музыканттардың тізімінде үшінші орынға жайғасты. Ұлыбританияға қоныс аударған сылқымның жағдайы бүгінде 576 миллион долларға бағаланып отыр. Бір қызығы оның негізгі табыс көзі әндері де, альбомдары да емес, «Fenty Beauty» брендінен түсіп жатқан көрінеді.

Кэти Перри жүктілігі мен бүгінгі таңда басынан кешіріп жатқан психологиялық қиындықтары жайлы айтып, сұхбат берді. Тұңғышын күтіп жүрген әншіні, әлемге тараған коронавирус індеті күйзеліске түсіріп жүрген көрінеді. «Тым көңілшек болып алдым. Кейде өзімнен өзім аяқ-қолдарымның саусақтарына қарап жылаймын. Не үшін екенін өзім де білмеймін» деген ол, бұл кезеңде жары Орландо Блумның қолдап жатқанын да атап өткен.

Марат Башаровтың экс-жұбайы Елизавета Шевыркова тележүргізушімен бір шаңырақ астында тұрған кезде көрген қорлығын бүкпесіз айтып, жұрт жағасын ұстатты. Елизаветаның сөзінше, Марат оны жиі жұдырықтаған екен. Тіпті жүктіліктің үшінші айына да қарамаған. Айтылған айыптарды жоққа шығармаған Башаров болса, экс-әйелінің өзіне кінә тағып жатқанға ұқсайды. Еске салсақ, бүгінде Мараттың үстінен осы мәселе бойынша іс қозғалған.